User's Guide
НР принтер бағдарламалық құралынан түпнұсқаны сканерлеу (Windows)
1. Құжатты беретін құралға түпнұсқаны басып шығарылатын бетін жоғары қаратып салыңыз
немесе сканер әйнегінің алдыңғы оң жақ бұрышына басып шығарылатын бетін төмен қаратып
салыңыз.
2. HP принтерінің бағдарламалық құралын ашыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін HP принтерінің
бағдарламалық құралын ашыңыз (Windows) (20-бет) бөлімін қараңыз.
3. Принтердің бағдарламалық құралында, Басып шығару, сканерлеу және факс тармағының
астында Сканерлеу және Құжатты немесе фотосуретті сканерлеу түймелерін басыңыз.
4. Scan Shortcuts (Сканерлеу таңбашалары) тармағының астында сканерлену түрін таңдап,
Сканерлеу түймесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Бастапқы экран негізгі параметрлерді қарап шығуға және өзгертуге мүмкіндік
береді. Толық параметрлерді қарау және өзгерту үшін сканерлеу диалогтық терезесінің жоғарғы
оң жақ бұрышындағы Қосымша сілтемесін басыңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін Сканерлеу параметрлерін өзгерту (Windows) (38-бет) бөлімін
қараңыз.
НР принтер бағдарламалық құралынан түпнұсқаны сканерлеу (OS X және macOS)
1. HP Scan (HP сканерлеу) пәрменін ашыңыз.
HP сканерлеу қатты дискінің жоғарғы деңгейіндегі Applications (Бағдарламалар) /HP қалтасында
орналасады.
2. Сканерлеу түймесін басыңыз.
3. Қажетті сканерлеу профилінің түрін таңдаңыз және экрандағы нұсқаулықтарды орындаңыз.
Электрондық поштаға сканерлеу
HP принтерінің бағдарламалық құралынан электрондық пошта арқылы жіберу үшін құжатты немесе
фотосуретті сканерлеу (Windows)
1. Құжатты беретін құралға түпнұсқаны басып шығарылатын бетін жоғары қаратып салыңыз
немесе сканер әйнегінің алдыңғы оң жақ бұрышына басып шығарылатын бетін төмен қаратып
салыңыз.
2. HP принтерінің бағдарламалық құралын ашыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін HP принтерінің
бағдарламалық құралын ашыңыз (Windows) (20-бет) бөлімін қараңыз.
3. Принтердің бағдарламалық құралында, Басып шығару, сканерлеу және факс тармағының
астында Сканерлеу және Құжатты немесе фотосуретті сканерлеу түймелерін басыңыз.
4. Scan Shortcuts (Сканерлеу таңбашалары) тармағының астында Электрондық хабар PDF
ретінде немесе Электрондық хабар JPEG ретінде параметрін таңдап, Сканерлеу түймесін
басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Бастапқы экран негізгі параметрлерді қарап шығуға және өзгертуге мүмкіндік
береді. Толық параметрлерді қарау және өзгерту үшін сканерлеу диалогтық терезесінің жоғарғы
оң жақ бұрышындағы Қосымша сілтемесін басыңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін Сканерлеу параметрлерін өзгерту (Windows) (38-бет) бөлімін
қараңыз.
Егер Сканерлегеннен кейін көру құралын көрсету параметрі таңдалса, алдын ала қарап алу
экранында сканерленген суреттерге түзетулер жасай аласыз.
KKWW Сканерлеу 37