User's Guide

Қағаз салу кезіндегі кеңестер
Қосымша ақпарат алу үшін Медиа құралын жүктеу (12-бет) бөлімін де қараңыз.
Қағаздың кіріс науасына дұрыс жүктелгенін және дұрыс медиа өлшемі мен медиа түрінің
орнатылғанын тексеріңіз. Қағазды кіріс науасына салу кезінде сізден медиа өлшемі мен медиа
түрін орнату сұралады.
(Бір қағазды емес), қағаз дестесін салыңыз. Қағаз кептелісін болдырмау үшін дестедегі барлық
қағаздың өлшемі мен түрі бірдей болуы керек.
Қағаздың басып шығарылатын жағын төмен қаратып салыңыз.
Кіріс науасына салынған қағаздардың тегіс орналасуын және ұштары бүгілмеуін не
жыртылмауын қамтамасыз етіңіз.
Принтер параметрлері туралы кеңестер (Windows)
Әдепкі басып шығару параметрлерін өзгерту үшін Басып шығару, сканерлеу және факс түймесін
басып, HP принтерінің бағдарламалық құралындағы Параметрлерді реттеу түймесін басыңыз.
HP принтерінің бағдарламалық құралын ашу жөнінде қосымша мәліметтерді алу үшін HP
принтерінің бағдарламалық құралын ашыңыз (Windows) (20-бет) бөлімін қараңыз.
Қажетті басып шығару параметрлерін орнату кезінде уақытты үнемдеу үшін басы шығару
таңбашаларын пайдалануға болады. Басып шығару тіркесімі белгілі бір жұмыс түріне сәйкес
келетін параметрлерді сақтайды, сонда барлық опцияларды бір рет басып орнатуға болады.
Белгіні пайдалану үшін, Printing Shortcuts (Басып шығару таңбашалары) немесе Printing Shortcut
(Басып шығару таңбашасы) қойындысына өтіңіз де, қажетті белгіні таңдап, OK түймесін басыңыз.
Жаңа басып шығару таңбашасын қосу үшін, жасау қажет таңбашаға ұқсас бұрыннан бар
таңбашаны таңдап, Басып шығару таңбашалары немесе Басып шығару таңбашасы
қойындысында қажетті басып шығару сипаттамаларын орнатып, Басқаша сақтау түймесін
басып, атауды енгізіңіз, содан соң OK түймесін басыңыз.
Басып шығару тіркесімін жою үшін таңдаңыз, содан кейін Жою түймесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Әдепкі басып шығару тіркесімдерін жоюға болмайды.
Қағаз және қағаз науасының параметрлерін түсіну үшін:
Paper Size (Қағаз өлшемі): Енгізу науасына жүктелген қағаз өлшемін таңдаңыз.
Paper Type (Қағаз түрі) немесе Mediaасығыш): Қолданып жатқан қағаз түрін таңдаңыз.
Түс немесе қара және ақ түс параметрлерін түсіну үшін:
Color (Түсі): Көп түсте басып шығару үшін барлық картридждердегі бояуды пайдаланыңыз.
Black & White (Қара және ақ) немесе Black Ink Onlyек қара бояу): Қара түсті бояуды тек
сапасы қалыпты не төмен қара және ақ түсті баспалар үшін пайдаланады.
High Quality Grayscale (Жоғары сапалы сұр шкала): Жоғары сапалы қара және ақ түсте
басып шығару мақсатында, қара және сұр түстердің кең ауқымын жасау үшін, түрлі түсті
және қара картридждердегі бояуды пайдаланады.
Басып шығару сапасының параметрлерін түсіну үшін:
Басып шығару сапасы бір дюйм үшін басып шығару ажыратымдылығының нүктелерімен
өлшенеді (нүкте/дюйм). Жоғары нүкте/дюйм өлшемі анығырақ әрі толық баспаларды
шығарғанымен, басып шығару жылдамдығын баяулатып, көбірек бояуды пайдаланады.
KKWW Сәтті басып шығару туралы кеңестер 31