User's Guide
ЕСКЕРТПЕ: Егер қағаз өлшемін өзгертсеңіз, тиісті қағазды жүктегеніңізді тексеріңіз.
● Бағдар параметрін таңдаңыз.
4. Қалқымалы мәзірден Қағаз түрі/сапасы параметрін таңдап, келесі параметрлерді таңдаңыз:
● Тип бумаги (Қағаздың түрі): Сәйкес қағаз түрі
● Качество (Сапасы): Ең көп нүкте/дюйм
5. Басқа да қалаған басып шығару параметрлерін таңдап, Печать (Басып шығару) түймешігін
басыңыз.
Сәтті басып шығару туралы кеңестер
Принтер драйверінде таңдалған бағдарламалық құрал параметрлері басып шығару үшін ғана
қолданылады, олар көшіру немесе сканерлеу үшін қолданылмайды.
Құжатты қағаздың екі жағына да басып шығара аласыз. Қосымша ақпарат алу үшін Екі жаққа басып
шығару (екі жақты күйі) (27-бет) бөлімін қараңыз.
Сия туралы кеңестер
● Басып шығару сапасы ұнамаған жағдайда, қосымша ақпарат үшін Басып шығару ақаулары
(112-бет) бөлімін қараңыз.
● Түпнұсқа HP картридждерін пайдаланыңыз.
Түпнұсқа HP картридждері жақсы нәтижелерді әрдайым оңай беру үшін жасалып, HP
принтерлерімен және қағаздарымен тексеріледі.
ЕСКЕРТПЕ: HP компаниясы өздері шығармаған жабдықтардың сапасына немесе сенімді
екендігіне кепілдік бере алмайды. HP компаниясы шығармаған жабдықтарды пайдалану
нәтижесінен болған принтер қызмет көрсету немесе жөндеу жұмыстары кепілдікке кірмейді.
Түпнұсқа HP картридждерін сатып алғандығыңызға сенімді болсаңыз, www.hp.com/go/
anticounterfeit сайтына өтіңіз.
● Қара және түсті картридждерді дұрыс орнатыңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін Картридждарды ауыстыру (89-бет) бөлімін қараңыз.
● Сияның жеткілікті екеніне көз жеткізу үшін картридждердегі есептелген сия деңгейлерін
тексеріңіз
Сия деңгейі ескертулері мен көрсеткіштері тек қана жоспарлау мақсатында ғана анықтауларды
береді.
Қосымша ақпарат алу үшін Анықталған сия деңгейлерін тексеру (89-бет) бөлімін қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Сия деңгейі ескертулері мен көрсеткіштері тек қана жоспарлау мақсатында ғана
анықтауларды береді. Индикатор төмен сия деңгейлерін көрсеткенде, ықтимал басып шығару
кешігулерін болдырмау үшін ауыстыратын сия картриджінің болуын қарастырыңыз. Басып
шығару сапасы жарамсыз болмайынша сия картридждерін ауыстырудың қажеті жоқ.
● Принтерді өшіру үшін әрқашан Қуат түймесін пайдаланыңыз. Принтерді дұрыс өшірмеу басып
шығару сапасына қатысты проблемаларға әкелмейді.
30 3-тарау Басып шығару KKWW