User's Guide
Ең көп нүкте/дюйм ажыратымдылығын пайдалану арқылы
басып шығару
Фотосурет қағаздарына жоғарғы сапалы, анық суреттерды басып шығару үшін, ең үлкен нүкте/дюйм
өлшемін қолданыңыз.
Ең үлкен нүкте/дюйм өлшемінде басып шығаруға басқа параметрлерде басып шығаруға қарағанда
ұзағырақ уақыт кетеді және оған дисктен үлкен бос орын қажет.
Ең үлкен нүкте/дюйм режимінде басып шығару (Windows)
1. Бағдарламалық құралдан Басып шығару түймесін таңдаңыз.
2. Принтердің таңдалғандығын тексеріңіз.
3. Свойства (Сипаттар) тілқатысу терезесін ашатын түймешікті басыңыз.
Бағдарламалық құрал қосымшасына байланысты бұл түймешік Свойства (Сипаттар), Опции
(Параметрлер), Установка принтера (Принтерді орнату), Свойства принтера (Принтер сипаттары),
Принтер немесе Предпочтения (Таңдаулы параметрлер) деп аталуы мүмкін.
4. Қажетті параметрлерді таңдаңыз.
Windows 10, Windows 8.1 және Windows 8
● Paper/Quality (Қағаз/сапа) қойындысын басыңыз. Paper Size (Қағаз өлшемі) ашылмалы
тізімінен сәйкес қағаз өлшемін таңдаңыз. Paper type (Қағаз түрі) ашылмалы тізімінен сәйкес
қағаз түрін таңдаңыз.
● Advanced (Кеңейтілген) қойындысын басыңыз. Print in Max DPI (Максималды нүкте/дюйм
өлшемінде басып шығару) параметрін таңдаңыз.
Windows 7, Windows Vista және Windows XP
● Paper/Quality (Қағаз/сапа) қойындысын басыңыз. Носители (Медиа құралы) ашылмалы
тізімінен сәйкес қағаз түрін таңдаңыз.
● Дополнительный (Қосымша) түймешігін басыңыз. Размер бумаги (Қағаз өлшемі) ашылмалы
тізімінен сәйкес қағаз өлшемін таңдаңыз. Возможности принтера (Принтер мүмкіндіктері)
аймағындағы Да(Иә) түймешігін Ең жоғарғы нүкте/дюйм өлшемі ашылмалы терезесінен
таңдаңыз. Содан соң, Кеңейтілген опциялар қойындысын жабу үшін OK түймесін басыңыз.
Қосымша басып шығару кеңестерін көру үшін Сәтті басып шығару туралы кеңестер (30-бет)
бөлімін қараңыз.
5. Қағаздың бағытын Орналасу қойындысында растап, басып шығару үшін OK түймесін басыңыз.
Ең үлкен нүкте/дюйм өлшемі арқылы басып шығару (OS X және macOS)
1. Бағдарламалық жасақтаманың Файл (Файл) мәзірінде Печать (Басып шығару) түймеcін
таңдаңыз.
2. Принтердің таңдалғанын тексеріңіз.
3. Басып шығару опцияларын орнатыңыз.
Басып шығару диалогтық терезесінде опцияларды көрмесеңіз, Мәліметтерді көрсету түймесін
басыңыз.
● Қағаз өлшемі қалқымалы мәзірінен сәйкес қағаз өлшемін таңдаңыз.
KKWW Ең көп нүкте/дюйм ажыратымдылығын пайдалану арқылы басып шығару 29