User's Guide
6. Қажетті параметрлерді таңдаңыз. Қосымша параметрлерді көру үшін Қосымша параметрлер
түймесін басыңыз немесе түртіңіз. Басып шығару параметрлері туралы қосымша ақпаратты Сәтті
басып шығару туралы кеңестер (30-бет) бөлімінен қараңыз.
7. Басып шығаруды бастау үшін Басып шығару түймесін басыңыз немесе түртіңіз.
Android немесе iOS құрылғысынан басып шығару
1. HP Smart қолданбасын ашыңыз.
2. Егер басқа принтерге өзгерту керек болса, Плюс белгішесін түртіңіз немесе жаңа принтер
қосыңыз.
3. Басып шығару опциясын түртіңіз (мысалы, Фотосуреттерді басып шығару немесе Facebook
фотосуреттерін басып шығару, т.б.). Фотосуреттер мен құжаттарды құрылғыдан, бұлттық
жадтан немесе әлеуметтік медиа сайттарынан басып шығаруға болады.
4. Басып шығару қажет фотосуретті немесе құжатты таңдаңыз.
5. Басып шығару түймесін түртіңіз.
Құжаттарды HP принтер бағдарламалық құралымен басып
шығару
Құжаттарды басып шығару үшін (Windows)
1. Науаға қағазды салыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін Медиа құралын жүктеу (12-бет) бөлімін
қараңыз.
2. Бағдарламалық құралдан Басып шығару түймесін таңдаңыз.
3. Принтердің таңдалғанына көз жеткізіңіз.
4. Свойства (Сипаттар) тілқатысу терезесін ашатын түймешікті басыңыз.
Бағдарламалық құрал қосымшасына байланысты бұл түймешік Свойства (Сипаттар), Опции
(Опциялар), Установка принтера (Принтерді орнату), Свойства принтера (Принтер сипаттары),
Принтер немесе Предпочтения (Таңдаулы параметрлер) деп аталуы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Барлық басып шығару жұмыстарына арналған басып шығару параметрлерін орнату
үшін принтермен бірге берілген HP бағдарламалық құралына өзгерістер енгізіңіз. HP
бағдарламалық құралы туралы қосымша ақпаратты Принтердің басқару құралдары (101-бет)
бөлімінен қараңыз.
5. Printing Shortcuts (Басып шығару таңбашалары) немесе Printing Shortcut (Басып шығару
таңбашалары) қойындысында сәйкес параметрлерді таңдаңыз.
Басқа басып шығару параметрлерін өзгерту үшін басқа қойындыларды басыңыз.
Қосымша басып шығару кеңестерін көру үшін Сәтті басып шығару туралы кеңестер (30-бет)
бөлімін қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Қағаз өлшемін өзгертсеңіз, кіріс науасына дұрыс қағаз салынғандығын және
принтердің бақылау тақтасында қағаз өлшемінің орнатылғанын тексеріңіз.
6. Сипаттар диалогтық терезесін жабу үшін OK түймешігін басыңыз.
7. Басып шығаруды бастау үшін Печать (Басып шығару) немесе OK түймешігін басыңыз.
KKWW Құжаттарды HP принтер бағдарламалық құралымен басып шығару 23