User's Guide

HP принтерінің бағдарламалық құралын ашыңыз (Windows)
HP принтер бағдарламалық құралын принтер параметрлерін конфигурациялау, шамамен көрсетілген
сия деңгейлерін тексеру, басып шығару жабдықтарына тапсырыс беру, принтерге техникалық қызмет
көрсету, басып шығару мәселелерін шешу және т.б. үшін пайдалана аласыз. Қолжетімді принтер
бағдарламалық құралы параметрлері туралы қосымша ақпарат осы нұсқаулықта берілген.
HP принтердің бағдарламалық құралы орнатылғаннан кейін операциялық жүйеңізге байланысты
келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
ЕСКЕРТПЕ: Егер принтер бағдарламалық құралының орнына HP Smart қолданбасын пайдаланып
жатсаңыз, iOS, Android не Windows 10 құрылғыларынан басып шығару, сканерлеу және ақауларды
түзету үшін HP Smart қолданбасын пайдаланыңыз (20-бет) бөлімін қараңыз
Windows 10: Компьютердің жұмыс үстелінен Бастау түймесін басып, қолданбалар тізімінен НР
тармағын таңдаңыз, содан соң принтер атауы бар белгішені таңдаңыз.
Windows 8.1: Бастау терезесінің сол жақ төменгі бұрышындағы төмен көрсеткіні басып, принтер
атауын таңдаңыз.
Windows 8: Бастау терезесіндегі бос орынды тінтуірдің оң жағымен басып, бардарламалар
жолағындағы Барлық бағдарламалар түймесін басып, принтер атауын таңдаңыз.
Windows 7, Windows Vista және Windows XP: Компьютердің жұмыс үстелінен Start (Бастау)
түймесін басып, All Programs (Барлық бағдарламалар) тармағын таңдап, НР түймесін басыңыз,
содан соң принтерге арналған қалтаны басып, принтер атауы бар белгішені таңдаңыз.
iOS, Android не Windows 10 құрылғыларынан басып шығару,
сканерлеу және ақауларды түзету үшін HP Smart
қолданбасын пайдаланыңыз
HP Smart (бұрын HP All-in-One Printer Remote ретінде белгілі) HP принтерін орнатуға, сканерлеуге,
басып шығаруға, ортақ пайдалануға және басқаруға көмектеседі. Құжаттар мен кескіндерді
электрондық пошта, мәтіндік хабарлар және танымал бұлт және әлеуметтік желі қызметтері (мысалы,
iCloud, Google Drive, Dropbox және Facebook) арқылы бөлісуге болады. Сонымен қатар жаңа HP
принтерлерін орнатуға, сондай-ақ шығын материалдарын бақылауға және оларға тапсырыс беруге
болады.
ЕСКЕРТПЕ: HP Smart қолданбасы барлық тілдерде қолжетімді болмауы мүмкін. Кейбір мүмкіндіктер
принтердің барлық модельдерінде қолданылмауы мүмкін.
HP Smart қолданбасын орнату үшін
HP Smart қолданбасына iOS, Android және Windows 10 құрылғыларында қолдау көрсетіледі.
Құрылғыңызға қолданбаны орнату үшін, 123.hp.com сайтына өтіп, құрылғының қолданбалар
қоймасына өту үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Windows 10 компьютерінде HP Smart қолданбасын ашу үшін
HP Smart қолданбасын орнатқан соң, құрылғының жұмыс үстелінен Бастау түймесін басып,
қолданбалар тізімінен HP Smart таңдаңыз.
Принтерге жалғау
Принтердің қосулы және құрылғымен бірдей желіге қосылғанын тексеріңіз. Содан кейін HP Smart
принтерді автоматты түрде анықтайды.
20 2-тарау Жұмысқа кіріскенде KKWW