User's Guide
Жасанды картридждар туралы хабарлама
Орнатылған картридж жаңа, шынайы HP картриджы емес. Картридж сатып алынған дүкенмен
байланысыңыз. Сезіктенетін алдау туралы хабарлау HP www.hp.com/go/anticounterfeit сайтына кіріңіз.
Картриджді пайдалануды жалғастыру үшін Продолжить (Жалғастыру) түймесін басыңыз.
Сәйкес емес картридждер
Картридж принтерге сәйкес келмейді.
Шешім: Бұл картриджді тез арада алып тастап, оны сәйкес келетін картриджбен ауыстырыңыз. Жаңа
картридждерді орнату жолы туралы ақпаратты Картридждарды ауыстыру (89-бет) бөлімінен
қараңыз.
Қағаз тым қысқа
Ең төмен талаптарға қарағанда қысқалау қағаз салынды. Принтер талаптарына сай қғаз салынуы
керек. Қосымша ақпаратты Қағаз негізгілері (10-бет) және Медиа құралын жүктеу (12-бет)
бөлімдерінен қарауға болады.
HP Instant Ink орталығымен байланысыңыз
Принтер HP Instant Ink бағдарламасына қосылуы керек, әйтпесе жақын арада ескертусіз басып шығару
мүмкін болмайды. Қосылу бойынша нұсқауларды алу үшін принтердің басқару тақтасын қараңыз
немесе қосымша мәліметтерді алу үшін HP Instant Ink program веб-сайтына өтіңіз.
Құжатты беретін құралда қағаз кептелісі
Құжатты беретін құралдан қағаз кептелісін тазартыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін Кептелістер және
қағаз беру құралының ақаулары (105-бет) бөлімін қараңыз.
HP қорғалған картриджі орнатылған
Принтердің басқару тақтасында берілген картриджді HP картриджін қорғау мүмкіндігі арқылы
картриджді басынан қорғаған принтерде ғана пайдалануға болады. Картридж осы принтерде
ауыстырылуы керек.
Жаңа сия картриджін орнату жолы туралы ақпаратты Картридждарды ауыстыру (89-бет) бөлімінен
қараңыз.
HP Instant Ink картриджі қолданылған
Картридж принтерге сәйкес келмейді.
HP Instant Ink бағдарламасына тіркелмеген принтерге HP Instant Ink картриджін орнатсаңыз, осы қате
болуы мүмкін. Сонымен қатар, HP Instant Ink картриджі HP Instant Ink бағдарламасына тіркелген басқа
принтерде пайдаланылған болса, осы қате болуы мүмкін.
Қосымша ақпарат алу үшін HP Instant Ink program веб-сайтына кіріңіз.
KKWW Жасанды картридждар туралы хабарлама 163