User's Guide

картридждермен ақаулық туындаса, қосымша мәліметтерді алу үшін HP Instant Ink бағдарламасы веб-
сайтына өтіңіз.
Қағаз кептелісі немесе науа ақауы
Принтерде кептеліп қалған қағаз.
Кептелісті жоюды бастамас бұрын келесі әрекеттерді тексеріңіз:
Техникалық сипаттарға сәйкес келетін және мыжылмаған, бүгілмеген немесе зақымдалмаған
қағаздың салынғанын тексеріңіз. Қосымша ақпарат алу үшін Қағаз негізгілері (10-бет) бөлімін
қараңыз
.
Принтердің таза болуын тексеріңіз. Қосымша ақпарат алу үшін Принтерге күтім жасау (135-бет)
бөлімін қараңыз.
Науалардың дұрыс жүктелгенін және тым көп жүктелмегенін тексеріңіз. Қосымша ақпарат алу
үшін Медиа құралын жүктеу (12-бет) бөлімін қараңыз.
Кептелістерді жою, сондай-ақ, кептелістерді болдырмау туралы қосымша ақпарат алу үшін
Кептелістер және қағаз беру құралының ақаулары (105-бет) бөлімін қараңыз.
Бет жиегінен шығу
Әдепкі науа бос.
Көбірек қағаз салып, OK түймесін басыңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін Медиа құралын жүктеу (12-бет) бөлімін қараңыз.
Принтердің қатесі
Принтерде немесе сия жүйесінде ақау бар. Әдетте, мұндай ақауларды келесі қадамдарды аяқтау
арқылы шешуге болады:
1. Принтерді өшіру үшін (Қуат түймесі) түймесін басыңыз.
2. Қуат сымын ажыратып, қуат сымын қайтадан қосыңыз.
3. Принтерді қосу үшін (Қуат түймесі) түймесін басыңыз.
Ақау сақталса, хабарламада берілген қате кодын жазып алып, НР қолдау көрсету орталығымен
байланысыңыз. НР қолдау көрсету орталығымен байланысу туралы қосымша ақпарат алу үшін HP
қолдау қызметі (138-бет) бөлімін қараңыз.
Қақпақ ашық
Принтер құжаттарды басып шығармас бұрын барлық есіктер мен қақпақтар жабылған болуы қажет.
КЕҢЕС: Толығымен жабық болғанда, көптеген есіктер мен қақпақтан орнына тырс етіп кірістіріледі.
Барлық есіктерді және қақпақтарды берік жапқаннан кейін де ақау сақталса, НР қолдау көрсету
орталығымен байланысыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін HP қолдау қызметі (138-бет) бөлімін
қараңыз.
162 ә қосымшасы Қателер (Windows) KKWW