User's Guide
Принтермен байланысу мүмкін емес
Келесі жағдайлардың бірі туындағандықтан компьютер принтермен байланыса алмайды:
● Принтер өшірілген.
● USB кабелі сияқты принтерге қосылған кабель ажыратылған.
● Принтер сымсыз желіге қосылған болса, сымсыз байланыс үзілген.
● Принтердің бағдарламалық құралы дұрыс орнатылмаған.
● Компьютерде орнатылған қауіпсіздік бағдарламалық құралы (желі қалқандары мен вирусқа
қарсы) принтермен байланысты бұзуда.
Осы ақауды шешу үшін, келесі шешімдерді пайдаланып көріңіз:
● Принтердің қосылғандығын және Қосу түймесінің шамы қосулы болуын тексеріңіз.
● Қуат сымы мен басқа кабельдердің жұмыс істеп тұрғанын және принтерге нық жалғанғанын
тексеріңіз.
● Қуат сымының жұмыс істеп тұрған, айнымалы ток (АТ) розеткасына мықтап жалғанғанын
тексеріңіз.
● Егер принтер сымсыз желіге қосылса, сымсыз желінің тиісті түрде жұмыс істейтінін тексеріңіз.
Қосымша ақпарат алу үшін Желі және байланыс ақаулары (130-бет) бөлімін қараңыз.
● НР принтерінің бағдарламалық құралын жойып және қайта орнатыңыз.
● Байланыс мәселелерін туғызатын болса, қауіпсіздік бағдарламалық құралын уақытша өшіріңіз.
Қағаз өлшемінің сәйкессіздігі
Принтер драйверіндегі қағаз өлшемі немесе түрі принтерде жүктелген қағазға сәйкес келмейді.
Принтерге дұрыс қағаздың салынғанын тексеріп, құжатты қайтадан басып шығарыңыз. Қосымша
ақпарат алу үшін Медиа құралын жүктеу (12-бет) бөлімін қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Принтерде жүктелген қағаз дұрыс өлшемде болса, принтер драйверінде таңдалған қағаз
өлшемін өзгертіп, құжатты қайтадан басып шығарыңыз.
Картридж кареткасы блокталған
Бір нәрсе картридждің кареткасын (принтердің картридждерді ұстайтын бөлігі) бітеуде.
Кедергіні тексеру үшін принтерде кептелістің жоқ екендігін тексеріңіз.
Қосымша ақпарат алу үшін Кептелістер және қағаз беру құралының ақаулары (105-бет) бөлімін
қараңыз.
Ескі буын картриджі орнатылған.
Ескі буын картриджі принтеріңізде жұмыс істемейді. Оны әлі де ескі принтер үлгілерімен пайдалануға
болады. Сізде ескі принтер үлгісі болмаса және картриджіңіз түпнұсқа HP картриджі болса, HP қолдау
көрсету орталығымен байланысыңыз . НР қолдау көрсету орталығымен байланысу туралы қосымша
ақпаратты HP қолдау қызметі (138-бет) бөлімінен қараңыз. Түпнұсқа HP картриджіне тапсырыс беру
үшін, Картридждерге тапсырыс беру (91-бет) бөлімін қараңыз. HP Instant Ink сиясынан алынға
KKWW Принтермен байланысу мүмкін емес 161