User's Guide

Белгіше Мақсат
Сия белгішісі: Картридждағы анықталған сия деңгейлерін көрсетеді. Сия деңгейі ең аз күтілген сия
деңгейінен азырақ болса, ескерту таңбасын көрсетеді.
ЕСКЕРТПЕ: Сия деңгейі ескертулері мен көрсеткіштері тек қана жоспарлау мақсатында ғана
анықтауларды береді. Индикатор төмен сия деңгейлерін көрсеткенде, ықтимал басып шығару
кешігулерін болдырмау үшін ауыстыратын сия картриджінің болуын қарастырыңыз. Басып шығару
сапасы жарамсыз болмайынша сия картридждерін ауыстырудың қажеті жоқ.
Факс күйі белгішесі: Автоматты жауап беру функциясының күйі, факс журналдары және факстың дыбыс
деңгейі туралы ақпаратты көрсетеді.
Принтердің параметрлерін өзгерту
Осы басқару тақтасын принтердің функциясына және параметрлерін, принтер есептерін немесе
принтер туралы анықтама алу үшін пайдаланыңыз.
КЕҢЕС: Егер принтер компьютерге қосылған болса, компьютердегі принтердің басқару құралдары
арқылы принтердің параметрлерін өзгертуге де болады.
Бұл құралдар туралы қосымша ақпарат алу үшін Принтердің басқару құралдары (101-бет) бөлімін
қараңыз.
Функция үшін параметрлерді өзгерту
Басқару тақтасының дисплейіндегі Главная (Басты) экраны принтер үшін қол жетімді режимдерді
көрсетеді.
1. Басқару тақтасының дисплейінен Басты экранда параметрлері өзгертілетін функциясының
белгішесін түртіңіз.
2. Функция таңдағаннан кейін, ( Параметрлер ) түймесін түртіп, қол жетімді параметрлермен
сырғытыңыз, содан соң өзгерткіңіз келген параметрді басыңыз.
3. Параметрлерді өзгерту үшін басқару тақтасы дисплейіндегі ескертулерді орындаңыз.
КЕҢЕС:
Главная (Басты) экранға қайту үшін лавная (Басты)) басыңыз.
Принтердің параметрлерін өзгерту
Принтер параметрлерін немесе принтердің есептерін өзгерту үшін Setup (Орнату) мәзірінде қол
жетімді параметрлерді пайдаланыңыз.
1. Басқару тақтасы дисплейінен Басты экранда ( Теңшеу ) көру үшін сол жаққа қарай түртіп,
одан кейін ( Теңшеу ) түймесін түртіңіз.
2. Қолданыстағы параметрлерді көру үшін экранды жоғары және төмен сипаңыз.
3. Параметрлері өзгертілетін опцияны түртіңіз.
КЕҢЕС:
Главная (Басты) экранға қайту үшін лавная (Басты)) басыңыз.
KKWW Басқару тақтасы және күй шамдары 9