User's Guide

Жапсырма Аты және сипаттамасы
4 Басты түймесі: Принтерді бірінші рет қосқанда көрсетілетін Басты экранға қайтарады.
5 Дисплей панели управления (Басқару тақтасының дисплейі): Мәзір опцияларын таңдау үшін экранды түртіңіз немесе
мәзір элементтерін айналдырыңыз.
6 Сымсыз байланыс шамы: Принтер сымсыз байланысының күйін көрсетеді.
Тұрақты көк шам сымсыз қосылым орнатылғанын және басып шығаруға болатынын көрсетеді.
Баяу жыпылықтап тұрған шам сымсыз қосылым қосулы екенін, бірақ принтердің желіге қосылмағанын көрсетеді.
Принтер сымсыз сигналдың ауқымында екенін тексеріңіз.
Жылдам жыпылықтап тұрған шам сымсыз қосылымның қатесін көрсетеді. Принтер дисплейіндегі хабарды
қараңыз.
Егер сымсыз байланыс өшірулі болса, сымсыз байланыс шамы өшірулі болады, дисплей экраны Wireless O
(Сымсыз байланыс өшірулі) жазуын көрсетеді.
Басқару тақтасы дисплейінің белгішелері
Белгіше Мақсат
Көшіру : Көшіру мәзірін ашады, бұл мәзірде көшірме түрін таңдауға немесе көшірме параметрлерін
өзгертуге болады.
Сканерлеу : Сканерлеу мәзірін ашады. Бұл мәзірде сканерленген көшірме орнын таңдауға болады.
Факс : Факс жіберу немесе факс параметрлерін өзгертуге болатын терезені көрсетеді.
Теңшеу : Теңшеу мәзірін ашады. Бұл мәзірде теңшелімдерді өзгертуге және күтім көрсету функцияларын
орындайтын құралдарды пайдалануға болады.
Справка (Анықтама) : Орындау әдісі бейнелерін, принтер мүмкіндігі туралы ақпаратты және кеңестерді
көруге болатын Анықтама мәзірі ашылады.
HP ePrint белгішесі: ePrint күйі туралы мәліметтерді тексеруге, HP ePrint параметрлерін өзгертуге немесе
ақпараттық бетті басып шығаруға болатын Веб-қызметтер түйіні мәзірін ашады.
Wi-Fi Direct белгішесі: Wi-Fi Direct қосуға, Wi-Fi Direct өшіруге және Wi-Fi Direct атауы мен құпиясөзін
көрсетуге болатын Wi-Fi Direct мәзірі ашылады.
Сымсыз белгішесі: Сымсыз байланыс күйін тексеруге және сымсыз байланыс параметрлерін өзгертуге
болатын Сымсыз байланыс түйіні мәзірін ашады. Сондай-ақ, желілік қосылым мәселелерін
диагностикалауға көмектесетін сымсыз желіні тексеру туралы есепті басып шығаруға болады.
8 2-тарау Жұмысқа кіріскенде KKWW