User's Guide
Принтер басқару тақтасынан анықтама алу
Принтер туралы қосымша ақпарат алу үшін принтердің анықтамасын пайдалануға болады және
анықтаманың кейбір бөлімдерінде қағазды жүктеу секілді процедураларды көрсететін анимациялар
бар.
Басты экраннан немесе экранға арналған мәтінмәндік анықтамадан Басты мәзірге қол жеткізу үшін,
принтердің басқару тақтасында түймесін түртіңіз.
HP Smart қолданбасынан көмек алу
HP Smart қолданбасы принтер мәселелері (қағаз кептелістері және басқа мәселелер) туралы
ескертулерді, анықтама мазмұнына сілтемелер және қосымша көмек алу үшін хабарласу опцияларын
береді.
Принтер есептерін түсіну
Принтердің ақауларын жоюға көмектесу үшін келесі есептерді басып шығара аласыз.
●
Принтер күйі туралы есеп
●
Желіні конфигурациялау беті
●
Басып шығару сапасы туралы есеп
●
Сымсыз байланысты тексеру есебі
●
Вебке кіру сынағының есебі
Принтер есебін басып шығару
1. Принтердің басқару тақтасы дисплейінен Басты экранда ( Теңшеу ) көру үшін сол жаққа
қарай түртіп, ( Теңшеу ) түймесін түртіңіз.
2. Құралдар түймесін түртіңіз.
3. Қалаған параметрді түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Сымсыз байланыстың сынақ есебін басып шығару үшін, Сымсыз байланысты сынақтан
өткізу (96-бет) қараңыз
Принтер күйі туралы есеп
Ағымдағы принтер мәліметтері мен картриджінің күйін қарап шығу үшін, принтердің күй есебін
пайдаланыңыз. Сондай-ақ, принтердің күй есебі принтердің ақаулықтары жоюға көмектеседі.
Сонымен қатар, принтердің күй есебі соңғы жағдайлардың жұрналын қамтиды.
HP корпорациясына қоңырау шалу қажет болса, қоңырау шалмас бұрын принтердің күй есебін басып
шығару жиі пайдалы болады.
Желіні конфигурациялау беті
Принтер желіге қосылған болса, принтерге арналған желі параметрлері мен принтер анықтаған желіте
тізімін қарап шығу үшін желіні конфигурациялау бетін басып шығаруға болады. Есептің соңғы бетінде
KKWW Принтер басқару тақтасынан анықтама алу 133