User's Guide

ЕСКЕРТПЕ: Wi-Fi Direct құпия сөзін алу үшін принтердің басқару тақтасы дисплейінде Басты
экраннан (Wi-Fi Direct) түртіңіз.
4. Егер мобильді құрылғы пайдаланып жатқан болсаңыз, үйлесімді басып шығару бағдарламасын
орнатқаныңызды тексеріңіз. Мобильді басып шығару туралы қосымша ақпарат алу үшін мына
сайтқа кіріңіз www.hp.com/global/us/en/eprint/mobile_printing_apps.html.
Принтер жабдығының ақаулары
КЕҢЕС: Басып шығару, сканерлеу, көшіру қателерін анықтап, автоматты түрде түзету үшін HP Print
and Scan Doctor бағдарламасын іске қосыңыз. Бағдарлама кейбір тілдерде ғана қолжетімді.
Принтер кенеттен жұмыс істемей қалды
Қуат пен қуат байланыстарын тексеріңіз.
Принтердің қуат сымы жұмыс істеп тұрған розеткаға берік қосылғанын тексеріңіз.
Картридждің кіру есігі ашық
Басып шығаруды бастау үшін картридждің кіру есігін жабыңыз.
Картридждерді туралау орындалмады
Егер туралау процесі орындалмаса, қолданылмаған қарапайым ақ қағазды кіріс науасына
жүктегеніңізді тексеріңіз. Егер сия картридждерін туралау кезінде кіріс науасында түсті қағаз
салынған болса, туралау сәтсіз болады.
Егер туралау процесі қайта-қайта сәтсіз болса, басып шығару механизмін тазарту керек, әйтпесе
датчикте ақау болуы мүмкін.
Егер басып шығару механизмін тазалау ақауды шешпесе, HP қолдау қызметіне хабарласыңыз.
www.support.hp.com сайтына өтіңіз. Бұл веб-сайтта жалпы принтер ақауларын түзетуге көмектесе
алатын ақпарат пен қызметтік бағдарламалар беріледі. Нұсқау берілсе, елді/аймақты таңдаңыз
да, техникалық қолдау қызметіне қоңырау шалу туралы ақпаратты алу үшін Барлық HP
контактілері түймесін басыңыз.
Принтердегі ақауды жою
Принтерді өшіріңіз және қосыңыз. Егер ақау жойылмаса, НР компаниясына хабарласыңыз.
НР қолдау көрсету орталығымен байланысу туралы қосымша ақпаратты HP қолдау қызметі
(138-бет) бөлімінен қараңыз.
132 10-тарау Мәселені шешу KKWW