User's Guide

«Принтер сымы факстағы дұрыс портқа қосылған» сынағы орындалмады
Телефон сплиттерін пайдаланып отырсаңыз, факс аппаратында ақау пайда болуы мүмкін. (Сплиттер
— телефон ұясына жалғайтын екі сымды қосқыш.) Сплиттерді алып тастап, телефон ұясына принтерді
тікелей қосып көріңіз.
Телефон сымын дұрыс портқа жалғау
1. Телефон сымының бір ұшын телефон ұясына жалғаңыз, содан соң екінші ұшын принтердің
артындағы «1-LINE» деп таңбаланған портқа жалғаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Телефон ұясына қосу үшін 2-EXT портын қолдансаңыз, факстарды жіберу немесе
алу мүмкін болмайды. 2-EXT порты жауап беру құрылғысы сияқты тек қана басқа жабдыққа қосу
үшін қолданылуы қажет.
Cурет 10-1 Принтердің артқы көрінісі
1 Телефон ұясы
2 Принтермен бірге қорапта берілген телефон сымын «1-LINE» портына қосу үшін пайдаланыңыз.
2. Телефон сымын таңбаланған 1-LINE портына қосқаннан кейін, жіберілетіндігін және принтердің
факс жіберуге дайын екенін тексеру үшін факс сынағын қайтадан іске қосыңыз.
3. Сынақ факсын жіберіп немесе қабылдап көріңіз.
124 10-тарау Мәселені шешу KKWW