User's Guide

в. Картриджге кіру есігін жабыңыз.
г. Ағымдағы жұмысты жалғастыру үшін басқару тақтасындағы OK түймесін түртіңіз.
Басып шығару экранынан анықтама алу үшін, басты экранда Анықтама белгішесін түртіп,
Анықтамалық бейнелер таңбашасын, содан кейін Картридж кептелісін тазарту.
3. Проблема әлі де шешілмесе, науа аумағын тексеріңіз.
а. Қағаз науасын ұзарту үшін оны сыртқа қарай тартыңыз.
ә. Принтердің төменгі жағын көрсету үшін принтерді бүйір жағына мұқият ауыстырыңыз.
б. Кіріс науасы орналасқан принтердің саңылауын тексеріңіз. Кептеліп қалған қағаз болса,
саңылауға қолыңызды салып, қағазды екі қолыңызбен ұстаңыз да, өзіңізге қарай тартыңыз.
ЕСКЕРТУ: Шығыршықтардан шығарып алған кезде қағаз жыртылып кетсе, шығыршықтар
мен дөңгелектерде принтердің ішінде қалып қоюы мүмкін қағаз қалдықтарының жоқ
екендігін тексеріңіз.
Принтерден қағаздың барлық қалдықтарын алып тастамасаңыз, қағаз жиі кептеліп қалуы
мүмкін.
в. Принтерді үстіңгі жағына қайтадан мұқият бұрыңыз.
г. Қағаз науасын кері итеріңіз.
ғ. Ағымдағы жұмысты жалғастыру үшін басқару тақтасындағы OK түймесін түртіңіз.
108 10-тарау Мәселені шешу KKWW