User's Guide

3. Мобильді құрылғыңыздан басып шығару функциясы қосулы бағдарламадан құжатты таңдаңыз
да, құжатты басып шығару үшін опцияны таңдаңыз.
Қолжетімді принтерлер тізімі шығады.
4. Мобильді құрылғыны қосу үшін, қолжетімді принтерлер тізімінен көрсетілген Wi-Fi Direct атауын
таңдаңыз, мысалы, DIRECT-**- HP OiceJet 5200 series (бұл жерде ** принтерді анықтайтын
бірегей таңбалар).
Егер мобильді құрылғы принтерге автоматты түрде қосылмаса, принтерге қосу үшін принтердің
басқару тақтасындағы нұсқауларды орындаңыз. Егер PIN коды принтердің басқару тақтасында
көрсетілмесе, мобильді құрылғыда PIN кодын енгізіңіз.
Мобильді құрылғы принтерге сәтті қосылғанда принтер басып шығаруды бастайды.
Wi-Fi Direct мүмкіндігін қолданбайтын сымсыз жұмыс істейтін мобильді құрылғыдан басып шығару
Мобильді құрылғыңызға үйлесімді басып шығару бағдарламасын орнатқаныңызды тексеріңіз.
Қосымша ақпарат алу үшін мына сайтқа кіріңіз www.hp.com/global/us/en/eprint/
mobile_printing_apps.html.
1. Принтердегі Wi-Fi Direct мүмкіндігі қосылғандығын тексеріңіз.
2. Мобильді құрылғыдағы Wi-Fi байланысын қосыңыз. Қосымша ақпаратты мобильді құрылғымен
бірге берілген құжаттан қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Мобильді құрылғыңыз Wi-Fi байланысын қолдамаса, Wi-Fi Direct мүмкіндігін
пайдалану мүмкін емес.
3. Мобильді құрылғыдан жаңа желіге қосылыңыз. Әдетте жаңа сымсыз желі немесе қол жеткізу
нүктесіне қосылу үшін пайдаланылатын процесті пайдаланыңыз. DIRECT-**- HP OiceJet 5200
series сияқты көрсетілген сымсыз желілер тізімінен Wi-Fi Direct атауын таңдаңыз (бұл жердегі **
принтерді анықтау үшін берілген бірегей таңбалар болып табылады).
Сұралған болса, Wi-Fi Direct құпиясөзін енгізіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Wi-Fi Direct құпия сөзін алу үшін принтердің басқару тақтасы дисплейінде Басты
экраннан (Wi-Fi Direct) түртіңіз.
4. Құжатты басып шығарыңыз.
Сымсыз жұмыс істейтін компьютерден басып шығару (Windows)
1. Принтердегі Wi-Fi Direct мүмкіндігі қосылғандығын тексеріңіз.
2. Компьютердің Wi-Fi байланысын қосыңыз. Қосымша ақпаратты компьютерде берілген құжаттан
қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютеріңіз Wi-Fi байланысын қолдамайтын болса, Wi-Fi Direct мүмкіндігін
пайдалану мүмкін емес.
3. Компьютерден жаңа желіге қосылыңыз. Әдетте жаңа сымсыз желі немесе қол жеткізу нүктесіне
қосылу үшін пайдаланылатын процесті пайдаланыңыз. DIRECT-**- HP OiceJet 5200 series сияқты
көрсетілген сымсыз желілер тізімінен Wi-Fi Direct атауын таңдаңыз (бұл жердегі ** принтерді
анықтау үшін берілген бірегей таңбалар болып табылады).
Сұралған кезде Wi-Fi Direct құпиясөзін енгізіңіз.
KKWW Wi-Fi Direct пайдалану 99