User's Guide
Wi-Fi Direct құрылғысын пайдалану нұсқаулықтары
● Компьютеріңіздің немесе мобильді құрылғыңыздың қажетті бағдарламалық құралы бар екенін
тексеріңіз:
– Егер компьютер қолданып жатқан болсаңыз, НР принтер бағдарлама жасақтамасы
орнатылғанын тексеріңіз.
Егер HP принтерінің бағдарламалық құралы компьютерге орнатылмаған болса, алдымен Wi-
Fi Direct байланысын қосып, принтердің бағдарламалық құралын орнатыңыз. Принтердің
бағдарламалық құралы байланыс түрін сұраған кезде Сымсыз параметрін таңдаңыз.
– Егер мобильді құрылғы пайдаланып жатқан болсаңыз, үйлесімді басып шығару
бағдарламасын орнатқаныңызды тексеріңіз. Мобильді басып шығару туралы қосымша
ақпарат алу үшін мына сайтқа кіріңіз www.hp.com/global/us/en/eprint/
mobile_printing_apps.html.
● Принтердің Wi-Fi Direct параметрі қосылғандығын тексеріңіз.
● Барлығы бес компьютер мен мобильді құрылғы бір Wi-Fi Direct байланысын пайдалана алады.
● Сондай-ақ, принтер USB кабелін пайдаланатын компьютерге немесе сымсыз байланыс арқылы
желіге қосылып тұрғанда Wi-Fi Direct пайдалануға болады.
● Wi-Fi Direct интернетке компьютерді, мобильді құрылғыны немесе принтерді қоса алмайды.
Wi-Fi Direct құрылғысын қосу үшін
1. Принтердің басқару тақтасы дисплейінде Басты экраннан (Wi-Fi Direct) түймесін түртіңіз.
2. ( Параметрлер ) түймесін түртіңіз.
3. Егер дисплей Wi-Fi Direct мүмкіндігі Өшірулі күйінде екендігін көрсетсе, оны қосу үшін Wi-Fi Direct
параметрінің жанындағы ажыратып-қосу түймесін түртіңіз.
КЕҢЕС: Wi-Fi Direct мүмкіндігін енгізілген веб-серверден қосуға болады. EWS серверін пайдалану
туралы қосымша ақпаратты Ендірілген веб-сервер (102-бет) бөлімінен қараңыз.
Байланыс әдісін өзгерту
1. Принтердің басқару тақтасы дисплейінде Басты экраннан (Wi-Fi Direct) түймесін түртіңіз.
2. ( Параметрлер ) түймесін түртіңіз.
3. Connection Method (Қосылым әдісі) түймесін түртіп, Automatic (Автоматты) немесе Manual
(Қолмен) параметрін таңдаңыз.
Wi-Fi Direct қолдайтын сымсыз жұмыс істейтін мобильді құрылғыдан басып шығару
Мобильді құрылғыңызда HP басып шығару қызметінің қосылатын модулінің соңғы нұсқасы
орнатылғанын тексеріңіз. Бұл қосылатын модульді Google Play бағдарламалар дүкенінен жүктеп алуға
болады.
1. Принтердегі Wi-Fi Direct мүмкіндігі қосылғандығын тексеріңіз.
2. Мобильді құрылғыңызда Wi-Fi Direct мүмкіндігін қосыңыз. Қосымша ақпаратты мобильді
құрылғымен бірге берілген құжаттан қараңыз.
98 8-тарау Желі орнату KKWW