User's Guide
3. Сол жақ бөліктегі принтерді таңдап, тізімнің төменгі жағындағы - басыңыз. Егер ағымдағы
байланыста бар болса, факс жазбасы үшін осы әрекетті орындаңыз.
4. USB кабелін компьютер мен принтердің екеуіне де жалғаңыз.
5. Сол жақтағы принтерлердің тізімінен төмендегі + түймесін басыңыз.
6. Тізімнен жаңа USB принтерін таңдаңыз.
7. Use (Пайдалану) қалқымалы мәзірінен принтер үлгісінің атауын таңдаңыз.
8. Add (Қосу) түймесін басыңыз.
Сымсыз байланысты сынақтан өткізу
Принтердің сымсыз байланысы туралы ақпаратты алу үшін сымсыз байланыстың сынақ есебін басып
шығарыңыз. Сымсыз байланыстың сынақ есебі принтердің күйі, аппараттық құрал (MAC) мекенжайы
және IP мекенжайы туралы мәліметтерді береді. Сымсыз қосылыммен ақаулық туындаса немесе
сымсыз қосылым әрекеті орындалмаса, сымсыз сынақ есебі де диагностикалық мәліметтерді береді.
Принтер желіге қосылған болса, сынақ беті желі параметрлері туралы мәліметтерді көрсетеді.
Сымсыз байланыстың сынақ есебін басып шығару
1. Принтердің басқару тақтасы дисплейінде Басты экраннан ( Сымсыз ) түймесін, сосын
( Параметрлер ) түймесін түртіңіз.
2. Басып шығару есептері түймесін түртіңіз
3. Сымсыз байланыс сынағының есебі түймесін түртіңіз.
Принтердегі сымсыз байланыс мүмкіндігін қосу не өшіру
Принтердің сымсыз байланыс мүмкіндігі қосулы кезде принтердің басқару тақтасында сымсыз
байланыстың көк шамы жанып тұрады.
1. Принтердің басқару тақтасы дисплейінде Басты экраннан ( Сымсыз ) түймесін, сосын
( Параметрлер ) түймесін түртіңіз.
2. Сымсыз мүмкіндікті қосу немесе өшіру үшін Wireless (Сымсыз) параметрінің жанындағы
ажыратып-қосу түймесін түртіңіз.
Желі параметрлерін өзгерту
Принтердің басқару тақтасынан принтердің сымсыз қбайланысын орнатып және басқаруға, сондай-ақ
әр түрлі желі басқару тапсырмаларын орындауға болады. Оның құрамына желі параметрлерін қарау
және өзгерту, желінің әдепкі параметрлерін қалпына келтіру және сымсыз байланыс функциясын қосу
не өшіру кіреді.
ЕСКЕРТУ: Желі параметрлері ыңғайлылық үшін беріледі. Дегенмен, жетілдірілген пайдаланушы
болмасаңыз, осы параметрлердің кейбірін (мыс., байланыс жылдамдығы, IP параметрлері, әдепкі
шлюз және желіаралық қалқан параметрлері) өзгертудің қажеті жоқ.
96 8-тарау Желі орнату KKWW