Equipment reference manual
ә Компьютер жұмысы туралы нұсқаулық,
күнделікті қызмет көрсету және жіберу
дайындықтары
Компьютер жұмысы туралы нұсқаулық және күнделікті
қызмет көрсету
Компьютер және мониторды дұрыс орнату және күту үшін мына нұсқаулықтарды орындаңыз:
● Компьютерді шамадан тыс ылғалдан, күннің көзі тікелей түсетін және өте салқын немесе ыстық
жерден аулақ ұстаңыз.
● Компьютерді тұрақты, жазық жерде қолданыңыз. Қажетті ауа ағынын қамтамасыз ету үшін
компьютердің барлық желдетілетін жақтарында және монитордың үстінде 10,2 cм (4 дюйм) бос
орын қалдырыңыз.
● Компьютердің желдеткішерін бөгеп, желдетуін азайтып тастамаңыз. Пернетақтаны құралға тым
жақын орналастырмаңыз, желдетуді тежеуі мүмкін.
● Кіру панельдері немесе кеңейту картасы ұясының қақпақтары алынған компьютерді мүлдем
пайдаланбаңыз.
● Компьютерлерді үймеңіз немесе бір-біріне жақын қоймаңыз, әйтпесе, олардың қайта
айналымдағы немесе қызып кететін ыстық ауасы бір-біріне әсер етеді.
● Егер компьютер тұйық жерде қолданылса, ауа соратын желдеткіш қамтамасыз ету керек және
жоғарыдағы нұсқаулықтарды орындау міндет.
● Компьютер мен пернетақтадан сұйықты қашық ұстаңыз.
● Монитордың желдеткіш ұяшықтарын ешқандай материалмен жабуға болмайды.
● Жұмыс жүйесінің немесе басқа бағдарламаның қуат басқару функцияларын орнатыңыз немесе
іске қосыңыз, ұйқы күйін қоса.
● Мына қадамдарды орындамас бұрын компьютерді өшіріңіз:
● Компьютердің сыртын жұмсақ, дымқыл шүберекпен сүртіп алыңыз. Тазалау өнімдерін
пайдалану салдарынан жабдықтың сыртқы беті түссізденуі немесе зақымдануы мүмкін.
● Экранын жұмсақ және таза матамен сүртіңіз. Күрделірек тазалау жағдайларында 50/50
қатынасында су мен изопропил спиртінің қоспасын пайдаланыңыз. Шүберекке тазалағыш
затты сеуіп, экран бетін ылғал шүберекпен жайлап сүртіңіз. Тазалағыш затты ешқашан
тікелей экран бетіне сеппеңіз. Ол жақтаудың артына өтіп, электрониканы зақымдауы
мүмкін.
● Компьютердің жақтарындағы желдеткіш саңылауларын тазалап отырыңыз. Жүн, шаң, және
басқа бөтен заттар желдеткішті бөгеп, ауа жүрісін шектеуі мүмкін.
● Монитордың экранын немесе корпусын тазалау үшін бензин, сұйылтқыш немесе қандай да ұшпа
зат сияқты ешбір мұнай негізінде жасалған тазалағыш заттарды қолданбаңыз. Бұл химиялық
заттар мониторды зақымдауы мүмкін.
Компьютер жұмысы туралы нұсқаулық және күнделікті қызмет көрсету 35










