Equipment reference manual

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып тұрған AТ көзіне
жалғанып тұрса, жүйе тақтасында әрқашан тоқ болады. Компьютердің ішкі бөлшектерінің
зақымдалмауы үшін қуат сымын ажырату және қуаттың жоғалуы үшін шамамен 30 секунд күту
керек.
4. Ішкі ысырмаларды ажырату үшін, қағаз қысқышын веб-камераның (1) әр бүйіріндегі босату
саңылауларына салып, веб-камераны монитордың жоғарғы жағынан (2) тартып шығарыңыз.
5. Монитордың жоғарғы жағындағы веб-камера ұясына жаңа веб-камераны салып, оны ішкі
ысырмаларға ілінетін етіп төмен басыңыз.
6. Қуат сымын және сыртқы құралдарды қайта жалғап, компьютерді қосыңыз.
Монитордың жоғарғы жағындағы веб-камера ұясына веб-камераның беткі тақтасы орнатылғанда,
веб-камераны орнату үшін:
1. Компьютерден USB сияқты барлық алынатын құралдарды алып тастаңыз.
2. Компьютерді операциялық жүйе арқылы дұрыс өшіріп, одан кейін барлық сыртқы
құрылғыларды өшіріңіз.
3. Қуат сымын розеткадан ажыратып, барлық сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
Веб-камераны ауыстыру немесе орнату 31