Equipment reference manual

7. M.2 SSD дискін орнату үшін, SSD дискінің қосқыш ұшын жүйелік тақта қосқышына (1) сырғытып,
SSD дискінің басқа ұшын төмен (2) басыңыз және SSD дискін жүйелік тақтаға бұрандамен (3)
бекітіңіз.
8. Желдеткішті жүйелік тақта бағандарының үстіне басу арқылы ауыстырыңыз.
9. Негізгі блок алдыңғы және артқы алынбалы панельдерін ауыстырыңыз. Негізгі блок қақпағын
шығарып алу және ауыстыру (16-бет) бөлімін қараңыз.
10. Қуат сымын және сыртқы құралдарды қайта жалғап, компьютерді қосыңыз.
Веб-камераны ауыстыру немесе орнату
Веб-камераны ауыстыру үшін:
1. Компьютерден USB сияқты барлық алынатын құралдарды алып тастаңыз.
2. Компьютерді операциялық жүйе арқылы дұрыс өшіріп, одан кейін барлық сыртқы
құрылғыларды өшіріңіз.
3. Қуат сымын розеткадан ажыратып, барлық сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
30 3-тарау Жабдықтарды жөндеу және жаңарту