Equipment reference manual

8. Қатты дискінің (1) артына кабельді жалғаңыз. Содан кейін дисктегі бекіткіш бұрандаларды диск
ұясының бүйірлеріндегі J ұяшықтарымен туралаңыз. Содан кейін дискті орнына түспейінше (2)
алға қарай сырғытыңыз.
9. Негізгі блок алдыңғы және артқы алынбалы панельдерін ауыстырыңыз. Негізгі блок қақпағын
шығарып алу және ауыстыру (16-бет) бөлімін қараңыз.
10. Қуат сымын және сыртқы құралдарды қайта жалғап, компьютерді қосыңыз.
M.2 SSD алу және орнату
Жүйелік тақтадағы M.2 SSD табу үшін, Ішкі бөліктерін табу (22-бет) қараңыз.
1. Компьютерден USB сияқты барлық алынатын құралдарды алып тастаңыз.
2. Компьютерді операциялық жүйе арқылы дұрыс өшіріп, одан кейін барлық сыртқы
құрылғыларды өшіріңіз.
3. Қуат сымын розеткадан ажыратып, барлық сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып тұрған AТ көзіне
жалғанып тұрса, жүйе тақтасында әрқашан тоқ болады. Компьютердің ішкі бөлшектерінің
зақымдалмауы үшін қуат сымын ажырату және қуаттың жоғалуы үшін шамамен 30 секунд күту
керек.
4. Негізгі блок артқы және алдыңғы алынбалы панельдерін алып тастаңыз. Негізгі блок қақпағын
шығарып алу және ауыстыру (16-бет) бөлімін қараңыз.
28 3-тарау Жабдықтарды жөндеу және жаңарту