Equipment reference manual

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Батареяны ауыстырмас бұрын, компьютердің ҚМҚЖ (қосымша метал
қышқылдық жартылай өткізгіш) параметрлерін сақтаңыз. Батареяны алғанда немесе ауыстырғанда
ҚМҚЖ параметрлері өшіріледі.
Статикалық қуат компьютердің электрлік бөліктерін немесе қосымша құралдарды бүлдіруі мүмкін.
Бұл іс рәсімдерін бастамас бұрын, жерге қосылған темір затты ұстап қалып статикалық электр
зарядыңыздың жоқ екенін тексеріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Литий батареясын компьютерді розеткаға қосу арқылы ұзағырақ пайдалануға болады.
Литий батареясы компьютер қуат көзін ҚОСЫЛМАҒАНДА ғана қолданылады.
HP компанияы пайдаланылған электрондық жабдықтарды, түпнұсқа HP басып шығару
картридждерін және қайта зарядталатын батареяларын қайта өңдеуге өткізуге шақырады. Қайта
өңдеу бағдарламалары туралы қосымша ақпарат: http://www.hp.com/recycle.
Жүйелік тақтадағы батареяны табу үшін Ішкі бөліктерін табу (22-бет) қараңыз.
1. Компьютерден USB сияқты барлық алынатын құралдарды алып тастаңыз.
2. Компьютерді операциялық жүйе арқылы дұрыс өшіріп, одан кейін барлық сыртқы
құрылғыларды өшіріңіз.
3. Қуат сымын розеткадан ажыратып, барлық сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып тұрған AТ көзіне
жалғанып тұрса, жүйе тақтасында әрқашан тоқ болады. Компьютердің ішкі бөлшектерінің
зақымдалмауы үшін қуат сымын ажырату және қуаттың жоғалуы үшін шамамен 30 секунд күту
керек.
4. Негізгі блок артқы және алдыңғы алынбалы панельдерін алып тастаңыз. Негізгі блок қақпағын
шығарып алу және ауыстыру (16-бет) бөлімін қараңыз.
5. Батареяны ұяшығынан босату үшін батареяның шетінің үстінде тұрған қысқышты қысыңыз.
Батарея шыққанда, көтеріп алып шығыңыз (1).
6. Жаңа батарея салу үшін ауыстыратын батареяның бір жақ шетін жағымды жағын жоғары
қаратып, ұяшықтың шетінен сырғытып салыңыз. Екінші жағынан төмен қарай, қысқыш
батареяның шетінен ұстап қалғанша итеріңіз (2).
7. Негізгі блок алдыңғы және артқы алынбалы панельдерін ауыстырыңыз. Негізгі блок қақпағын
шығарып алу және ауыстыру (16-бет) бөлімін қараңыз.
RTC батареясын ауыстыру 25