Equipment reference manual
Жад модульдерін толтыру
Жад модулі арнасының орындарын анықтау үшін мына кестені қараңыз.
Дерек көзі Жүйе тақтасының жапсырмасы Арна
Төменгі ұя SODIMM1 B арнасы
Жоғарғы ұя SODIMM3 A арнасы
Жүйе жад модульдерінің орнатылуына қарай бір арналы, қос арналы режимде немесе икемді
режимде автоматты түрде жұмыс істейді.
● Егер жад модулінің ұяшықтары жалғыз арнада орналасса, жүйе жалғыз арналы режимде жұмыс
істейді.
● Егер А арнасындағы жад модулінің толық сыйымдылығы В арнасындағы жад модулінің толық
сыйымдылығына тең болса, жүйе қос арналы жоғары орындау режимінде жұмыс істейді.
● Егер А арнасындағы жад модулінің сыйымдылығы В арнасындағы жад модулінің
сыйымдылығына тең болмаса, жүйе икемді режимінде жұмыс істейді. Икемді жүйесінде ең аз
жад мөлшері бар арна қос арнаға тағайындалған толық жад мөлшерін және жалғыз арнаға
тағайындалған қалдықты сипаттайды. Егер бір арнаның жады екінші арнаның жадынан артық
болса, үлкендеу мөлшері А арнасына тағайындалуы тиіс.
● Кез келген режимде ең жоғарғы жұмыс жылдамдығы жүйедегі ең баяу жад модулі арқылы
анықталады.
Жад модульдерін орнату
Жүйе тақтасында екі жад ұяшығы бар. Жад модульдарын алу немесе орнату үшін:
1. Компьютерден USB сияқты барлық алынатын құралдарды алып тастаңыз.
2. Компьютерді операциялық жүйе арқылы дұрыс өшіріп, одан кейін барлық сыртқы
құрылғыларды өшіріңіз.
3. Қуат сымын розеткадан ажыратып, барлық сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Қуат сымын ажыратып, жад модульдарын қосқанға немесе алғанға дейін
шамамен 30 секундтай кернеудің басылғанын күту керек. Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан,
компьютер қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып тұрса, тоқ жад модульдарына әрқашан
жабдықталып тұрады. Кернеу бар кезде жад модульдарын қосу немесе алу нәтижесінде жад
модульдарына немесе жүйе тақтасына жөнделмейтін зақым келуі мүмкін.
4. Негізгі блок артқы және алдыңғы алынбалы панельдерін алып тастаңыз. Негізгі блок қақпағын
шығарып алу және ауыстыру (16-бет) бөлімін қараңыз.
5. Жүйелік тақтадағы жад модульдерін табу үшін Ішкі бөліктерін табу (22-бет) қараңыз.
Жадты алу және орнату 23










