Equipment reference manual
Ішкі бөліктерін табу
Құрамдас бөлшектері
(1) Қатты диск (3) RTC батареясы
(2) M.2 SSD (желдеткіш астында) (4) Жад модульдері
Жадты алу және орнату
Жүйелік тақтадағы жад ұяларын ең көп екі салалық стандартты SODIMM модулімен толтыруға
болады. Осы жад ұялары кем дегенде бір алдын ала орнатылған жад модулімен толтырылады.
Жад модулінің техникалық сипаттары
Жүйенің дұрыс жұмыс істеу үшін жад модульдері келесі талаптарға сай болуы тиіс:
Бөлік Техникалық сипаттамалар
Жад модульдері 1,2 вольттық DDR4-SDRAM жад модульдері
Сәйкестік Буферсіз ECC емес DDR4-2400 МГц үйлесімді
Істікшелер Міндетті Бірлескен электрондық құрал инженерлік кеңесінің (JEDEC) техникалық
сипаттары бар салалық стандартты 260 істікшесі
Қолдау CAS кідірісінің DDR4 2400 МГц (15–15–15 уақытты) қолдау көрсетіледі
Ұяшықтар 2
Ең көп жад Әр жад ұясында 16 Гб, жалпы 32 Гб
Қолдау көрсетілген 4 Гбит және 8 Гбит ECC емес жад технологияларының бір жақты және екі жақты
SODIMM модульдері
Есіңізде болсын Егер қолдауы жоқ SODIMM жадын орнатсаңыз, жүйе дұрыс жұмыс істемейді. x8
және x16 DDR құрылғыларымен құрылған SODIMM модульдеріне қолдау
көрсетіледі; x4 SDRAM арқылы жасалған жад модульдеріне қолдау көрсетілмеген.
HP осы компьютерге жаңартатын жад ұсынады және үшінші жақ жадымен үйлесімсіздік мәселесін
болдырмау үшін, тұтынушыларға оны сатып алуға кеңес береді.
22 3-тарау Жабдықтарды жөндеу және жаңарту










