Equipment reference manual

6. Монитордың жоғарғы жағы мойнының (1) негізіндегі екі кірістірілген бұранданы босатыңыз.
Шағын металл ұстап тұратын қойыншадан шығарып алу үшін, монитордың жоғарғы жағының
астын алдыңғы жағынан бір қолмен ұстап тұрып, екінші қолыңызбен монитордың жоғарғы
жағын артқа сырғытыңыз және содан кейін мониторды негізінен (2) көтеріп шығарыңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Монитордың жоғарғы жағы ауыр. Монитордың жоғарғы жағының құлап,
зақымдалуын болдырмау үшін, алып тастау кезінде монитордың жоғарғы жағын бекем ұстаңыз.
7. Монитордың жоғарғы жағын орнына салу үшін, монитордың жоғарғы жағының астын бір
қолыңызбен алдынан ұстап, монитордың жоғарғы жағының мойнын негізгі құрылғыдағы
кронштейнге қойыңыз және екінші қолыңызбен мониторды алға (1) сырғытыңыз. Монитордың
жоғарғы жағының мойнын негізгі құрылғыға (2) бекітетін екі кірістірілген бұранданы қатайтыңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Монитордың жоғарғы жағы ауыр. Монитордың жоғарғы жағының құлап,
зақымдалуын болдырмау үшін, орнына салу кезінде монитордың жоғарғы жағын бекем ұстаңыз.
20 3-тарау Жабдықтарды жөндеу және жаңарту