Equipment reference manual

Негізгі блок қақпағын шығарып алу және ауыстыру
Ішкі компьютерге кіру үшін, негізгі блок қақпақтарын алып тастау керек.
1. Компьютерден USB сияқты барлық алынатын құралдарды алып тастаңыз.
2. Компьютерді операциялық жүйе арқылы дұрыс өшіріп, одан кейін барлық сыртқы
құрылғыларды өшіріңіз.
3. Қуат сымын розеткадан ажыратып, барлық сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып тұрған AТ көзіне
жалғанып тұрса, жүйе тақтасында әрқашан тоқ болады. Компьютердің ішкі бөлшектерінің
зақымдалмауы үшін қуат сымын ажырату және қуаттың жоғалуы үшін шамамен 30 секунд күту
керек.
4. Артқы қақпақты алып тастау үшін, негізгі блоктың (1) артындағы екі босату түймешігін басу
кезінде, қақпақтың артқы жағын жоғарыға (2) айналдырыңыз. Қақпағын артқа сырғытып,
негізден (3) шығарып алыңыз.
5. Артқы қақпақты алған соң, алдыңғы қақпақты алып тастау үшін:
а. Алдыңғы қақпақтың (1) артқы жағындағы екі босату түймешігін басып, шығарып алу үшін
қақпақты тура жоғары (2) көтеріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Алдыңғы қақпақтың оң жақ бүйіріне жалғанған кабель бар. Қақпақты тым
жоғары тартып, кабельді үзіп алмаңыз.
16 3-тарау Жабдықтарды жөндеу және жаңарту