Equipment reference manual
Екінші мониторды қосу
Компьютердің артындағы DisplayPort және HDMI порттары қосымша мониторларды компьютерге
жалғау мүмкіндігін береді.
Мына конфигурациялардың бірінде екі мониторға дейін қосуға болады:
● DisplayPort портына тізбекті түрде жалғанған екі монитор
● DisplayPort портына жалғанған бір монитор және HDMI портына жалғанған бір монитор
Егер DisplayPort немесе HDMI порты бар мониторды енгізсеңіз, бейне адаптер қажет болмайды. Егер
DisplayPort немесе HDMI порты жоқ мониторды енгізсеңіз, конфигурация үшін бейне адаптерін HP
компаниясынан сатып алуға болады.
DisplayPort aдаптерлерін, HDMI адаптерлерін және бейне кабельдерді бөлек сатып алуға болады. HP
мына адаптерлерді ұсынады:
● DisplayPort - VGA адаптері
● DisplayPort - DVI адаптері
● HDMI - VGA адаптері
●
HDMI - DVI адаптері
Мониторды жалғау:
1. Компьютерді және компьютерге қосылатын мониторды өшіріңіз.
2. Егер монитордың DisplayPort порты болса, DisplayPort кабелін тікелей компьютердің артындағы
DisplayPort порты мен монитордың DisplayPort порты арасында жалғаңыз.
Егер монитордың HDMI порты болса, HDMI кабелін тікелей компьютердің артындағы HDMI порты
мен монитордың HDMI порты арасында жалғаңыз.
3. Егер монитордың DisplayPort порты болмаса, DisplayPort бейне адаптерін компьютердегі
DisplayPort портына жалғаңыз. Одан кейін кабельді (қолдану түріне қарай VGA немесе DVI)
адаптер мен монитор арасында жалғаңыз.
Егер монитордың HDMI порты болмаса, HDMI бейне адаптерін компьютердің HDMI портына
жалғаңыз. Одан кейін кабельді (қолдану түріне қарай VGA немесе DVI) адаптер мен монитор
арасында жалғаңыз.
4. Компьютер мен мониторды қосыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Дисплейді компьютер дисплейінің айна бейнесі немесе жалғасы болатындай реттеу үшін
график карта бағдарламасын немесе Windows дисплей реттеулерін қолданыңыз.
12 2-тарау Орнату










