Equipment reference manual
2 Орнату
Монитордың жоғарғы жағын орнату
Монитордың жоғарғы жағын дербес компьютер негізіне орнатуға болады. Монитордың жоғарғы
жағын алып тастап, басқа мониторға ауыстыруға болады.
1. Компьютерден USB сияқты барлық алынатын құралдарды алып тастаңыз.
2. Компьютерді операциялық жүйе арқылы дұрыс өшіріп, одан кейін барлық сыртқы
құрылғыларды өшіріңіз.
3. Қуат сымын розеткадан ажыратып, барлық сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып тұрған AТ көзіне
жалғанып тұрса, жүйе тақтасында әрқашан тоқ болады. Компьютердің ішкі бөлшектерінің
зақымдалмауы үшін қуат сымын ажырату және қуаттың жоғалуы үшін шамамен 30 секунд күту
керек.
4. Басқа компьютерде орнатылған монитордың жоғарғы жағына қатынасу үшін артқы қатынас
қақпағын алып тастау үшін, негізгі құрылғының (1) артындағы екі босату түймешігін басыңыз
және бір уақытта қақпақтың артқы жағын жоғары (2) айналдырыңыз. Қақпағын артқа сырғытып,
негізден (3) алып тастаңыз.
Монитордың жоғарғы жағын орнату 5










