The first work is Windows 7

сыртқы қатты диск, желілік диск немесе дискілерде жасауға болады. Мына жағдайларда
жүйенің сақтық көшірмесін жасаңыз:
Жүйелі жоспарланған кесте бойынша
ЕСКЕРІМ: Мəліметтердің сақтық көшірмесін жүйелі түрде жасау үшін еске салғышты
орнатыңыз.
Компьютер жөнделмес немесе қалпына келтірілмес бұрын
Жабдықты немесе бағдарламалық құралды қоспас немесе өзгертпес бұрын
Нұсқаулар:
Жүйені бастапқы қалпына келтіру нүктелерін Windows® жүйесін қалпына келтіру
мүмкіндігін пайдалану арқылы жасаңыз жəне оларды оптикалық дискіге немесе сыртқы
қатты дискіге жүйелі түрде көшіріңіз. Жүйені бастапқы қалпына келтіру нүктелерін
пайдалану туралы қосымша ақпаратты
Жүйені бастапқы қалпына келтіру нүктелерін
пайдалану 50-бетте бөлімінен қараңыз.
Жеке файлдарды құжаттар кітапханасында сақтаңыз да, бұл қалтаның сақтық көшірмесін
жүйелі түрде жасаңыз.
Терезе, құралдар тақтасы не мəзір жолында теңшелетін параметрлерді олардың экран
суретін жасау арқылы сақтаңыз. Параметрлерді қалпына келтіру қажет болған кезде экран
суреті уақытыңызды сақтауы мүмкін.
Windows жүйесінің сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру
мүмкіндігін пайдалану
Windows жүйесінің сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру құралы жеке файлдардың
немесе бүкіл компьютер кескінінің сақтық көшірмелерін жасауға мүмкіндік береді.
Нұсқаулар:
Сақтық көшірме жасау үрдісін бастамас бұрын компьютердің айнымалы ток көзіне
жалғанғандығын тексеріңіз.
Сақтық көшірме жасау үрдісін аяқтауға қажет уақыт беріңіз. Файлдар өлшемдеріне
байланысты оған бір сағаттай уақыт алуы мүмкін.
Сақтық көшірме
жасау үшін
1. Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Система и безопасность
(Жүйе жəне қауіпсіздік) > Резервное копирование и восстановление (Сақтық көшірме
жасау жəне қалпына келтіру) тармақтарын таңдаңыз.
2. Сақтық көшірме жасалуын жоспарлау жəне жүзеге асыру үшін, экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
ЕСКЕРІМ: Windows® жүйесі компьютердің қауіпсіздігін жақсарту үшін пайдаланушы жазбасын
басқару мүмкіндігін қамтиды. Бағдарламалық құралды орнату, утилиталарды іске қосу немесе
Windows параметрлерін өзгерту сияқты тапсырмаларды орындау үшін, рұқсатыңыз немесе
құпия сөзіңіз сұралуы мүмкін. Қосымша ақпаратты Анықтама жəне қолдау орталығынан
қараңыз.
Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау
49