The first work is Windows 7

Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру кезінде мына ақпаратты есіңізде сақтаңыз:
Бұрын сақтық көшірме жасалған файлдарды ғана қалпына келтіре аласыз. НР компаниясы
компьютеріңізді орнатқаннан кейін қалпына келтіру дискілерінің жиынын (бүкіл дискінің
сақтық көшірмесін) жасау үшін HP Recovery Manager бағдарламасын пайдалануды
ұсынады.
Windows жүйесінде Жүйені қалпына келтіру сияқты жөндеу мүмкіндіктері бар. Егер бұл
мүмкіндіктерді əлі сынап көрмесеңіз, Recovery Manager
құралын пайдаланбас бұрын
оларды сынап көріңіз.
Recovery Manager құралы зауытта алдын ала орнатылған бағдарламалық құралдарды
ғана қалпына келтіреді. Осы компьютермен қамтамасыз етілмеген бағдарламалық
құралдарды өндірушінің веб-торабынан жүктеу немесе өндіруші қамтамасыз еткен
дискіден қайта орнату қажет.
қалпына келтіруге арналған бөлімнен қалпына келтіру
Кейбір үлгілерде, қатты дискідегі бөлімнен қалпына келтіруді орындау үшін Пуск (Бастау)
түймешігін немесе f11 пернесін басыңыз. Қалпына келтірудің бұл түрі арқылы компьютер
қалпына келтіру дискілерін пайдаланбай оның зауыттық күйіне келтіріледі.
Компьютерді бөлімнен қалпына келтіру үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1. Recovery Manager бағдарламасын төмендегі жолдармен іске қосыңыз:
Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар
) > Recovery Manager >
Recovery Manager тармақтарын таңдаңыз.
немесе
Компьютерді қосыңыз немесе қайта іске қосыңыз жəне экранның төменгі жағында
«Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз)
хабарламасы бейнеленгенде esc пернесін басыңыз. «F11 (HP Recovery)» хабары
экранда көрсетілгенде f11 пернесін басыңыз.
2. Recovery Manager терезесінде Восстановление системы (Жүйені қалпына келтіру)
параметрін таңдаңыз.
3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Қалпына келтіру дискілерін пайдалану арқылы қалпына келтіру
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
2. Бірінші қалпына келтіру дискісін қосымша сыртқы оптикалық диск жетегіне салып, одан
кейін компьютерді қайта қосыңыз.
3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау
Ағымдағы сақтық көшірменің жасалуын қамтамасыз ету үшін компьютердегі файлдардың
сақтық көшірмелерін жүйелі түрде жасап отыру қажет. Ақпараттың сақтық көшірмесін қосымша
48 Бап 7 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру