The first work is Windows 7

Қалпына келтіру дискілері
НР компаниясы қатты дискінің ақаулығы орын алған жағдайда немесе компьютерді қалпына
келтіру бөлімінің құралдарын пайдалану арқылы қалпына келтіру мүмкін болмаған жағдайда
компьютерді бастапқы зауыттық күйіне келтіре алуға сенімді болуыңыз үшін қалпына келтіру
дискілерін жасауға кеңес береді. Бұл дискілерді компьютерді бірінші рет орнатқаннан кейін
жасаңыз.
Бұл дискілерді қолданғанда сақ болыңыз да, оларды қауіпсіз жерде
сақтаңыз. Бағдарламалық
құрал қалпына келтіру дискілерінің бір жинағын ғана жасауға мүмкіндік береді.
ЕСКЕРІМ: Қосымша оптикалық дискіні (бөлек сатылады) қалпына келтіру дискілерін жасау
үшін пайдалануға немесе компьютерге арналған қалпына келтіру дискілерін НР веб-торабынан
сатып алуға болады. Егер сыртқы оптикалық диск жетегі пайдаланылса, ол USB концентраторы
сияқты сыртқы құрылғыдағы USB портына емес, компьютердегі USB портына жалғануы тиіс.
Нұсқаулар:
Сапасы жоғары DVD-R, DVD+R немесе CD-R дискілерін сатып алыңыз. Ықшам
дискілермен салыстырғанда, DVD дискілерінің сыйымдылығы өте үлкен. Егер ықшам
дискілерді пайдалансаңыз, 20-ға жуық диск қажет болуы мүмкін, алайда тек бірнеше DVD
дискісі ғана қажет.
ЕСКЕРІМ: CD-RW, DVD±RW дискілері сияқты жазуға жəне қайта жазуға арналған
дискілер, қос қабатты DVD±RW дискілері Recovery Manager бағдарламалық құралымен
сыйыспайды.
Бұл үрдіс барысында компьютер айнымалы ток қуат көзіне жалғанған болуы қажет.
Бір компьютерде қалпына келтіру дискілерінің тек қана бір жинағын жасауға болады.
Əр дискіні оптикалық дискіенгізгіге енгізбес бұрын нөмірлеңіз.
Егер қажет болса, қалпына келтіру дискілерінің жасалуын аяқтағанға дейін бағдарламадан
шыға аласыз. Келесі рет Recovery Manager бағдарламасы ашылған кезде сізге дискілерді
жасау үрдісін
жалғастыру ұсынылады.
Қалпына келтіру дискілерінің жинағын жасау үшін
1. Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар)> Recovery Manager >
Создание диска восстановления (Қалпына келтіру дискісін жасау) тармақтарын
таңдаңыз.
2. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру
Recovery Manager бағдарламалық құралы компьютерді оның бастапқы зауыттық күйіне
келтіруге мүмкіндік береді. Recovery Manager бағдарламалық құралы қатты дискідегі арнайы
қалпына келтіру бөлімінен (тек таңдаулы үлгілерде) немесе қалпына келтіру дискілерінен
жұмыс істейді.
Қалпына келтіру дискілері
47