The first work is Windows 7
Үстелге қоюға арналған қақпақты алу немесе
ауыстыру
ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін
Жұмысыңызды сақтаңыз да, жад модулі, қатты дискі немесе SIM картасын қоспас немесе
ауыстырмас бұрын компьютерді өшіріңіз.
Егер компьютердің өшірулі немесе күту күйінде тұрғандығына сенімді болмасаңыз, қуат
түймешігін басып, компьютерді өшіріңіз. Одан кейін компьютерді амалдық жүйе арқылы
өшіріңіз.
Үстелге қоюға арналған қақпақты орнына салу
Жад модулі ұясы, қатты диск, SIM картасын салу ұясы, техникалық деректер жапсырмасы мен
басқа бөліктерге кіру үшін үстелге қоюға арналған қақпақты алыңыз.
Үстелге қоюға арналған қақпақты алу үшін
1. Батареяны (1) шығарып алыңыз (
Батареяны шығарып алу 37-бетте бөлімін қараңыз).
2. Үстелге қоюға арналған қақпақты босату үшін шығару түймешігін (2) ішіне сырғытыңыз.
3. Үстелге қоюға арналған қақпақтың артқы жиегін (3) көтеріп, қақпақты компьютерден (4)
алыңыз.
Үстелге қоюға арналған қақпақты орнына салу
Жад модулі ұясы, қатты диск, SIM картасын салу ұясы, техникалық деректер жапсырмасы мен
басқа бөліктерге кіргеннен кейін үстелге қоюға арналған қақпақты орнына орналастырыңыз.
Үстелге қоюға арналған қақпақты алу немесе ауыстыру
39