The first work is Windows 7
Меңзегіш құрылғыларды пайдалану
ЕСКЕРІМ: Компьютермен бірге жеткізілетін меңзегіш құрылғылармен қоса, сыртқы USB
тінтуірін оны компьютердегі USB порттарының біреуіне жалғау арқылы пайдалануға болады.
Меңзегіш құрылғының таңдаулы параметрлерін орнату
Түймешік теңшелімі, нұқу жылдамдығы жəне тінтуір көрсеткісінің мүмкіндіктері сияқты меңзегіш
құрылғылар параметрлерін теңшеу үшін, Windows® жүйесіндегі тінтуір сипаттарын
қолданыңыз.
Тінтуір сипаттарына кіру үшін Пуск (Бастау) > Устройства и принтеры (Құрылғылар мен
принтерлер) тармақтарын таңдаңыз. Одан кейін компьютеріңіз болып келетін құрылғыны
тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып, Настройки мыши (Тінтуір параметрлері) пəрменін
таңдаңыз.
Сенсорлы тақтаны пайдалану
Көрсеткіні жылжыту үшін бір саусақты сенсорлы тақтада көрсеткіні жылжытқыңыз келген
бағытқа жылжытыңыз. Сенсорлы тақтаның сол жəне оң жақ түймешіктері сыртқы тінтуірдің
түймешіктері сияқты пайдаланылады.
Сенсорлы тақтаны қосу жəне өшіру
Сенсорлы тақтаны қосу жəне өшіру үшін, сенсорлы тақтаның шамын екі рет тез нұқыңыз.
ЕСКЕРІМ: Сенсорлы тақта шамы тақта қосулы болғанда өшірулі.
Шарлау
Көрсеткіні жылжыту үшін бір саусақты сенсорлы тақтада көрсеткіні жылжытқыңыз келген
бағытқа жылжытыңыз.
Меңзегіш құрылғыларды пайдалану
31