The first work is Windows 7
Əрекет пернесі Сипаттама
f2 Экран жарықтығының деңгейін төмендетеді.
f3 Экран жарықтығының деңгейін ұлғайтады.
f4 Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран кескінін ауыстырып көрсетеді. Мысалы, егер
монитор компьютерге қосылған болса, f4 пернесі басылғаннан кейін экран кескіні компьютер
дисплейінен монитор дисплейіне ауыстырылып, компьютер мен монитордың екеуінде
көрсетіледі.
Сыртқы мониторлардың басым бөлігі компьютерден бейне ақпаратын сыртқы VGA бейне
стандарты арқылы қабылдайды. f4 əрекет пернесі компьютерден бейне ақпаратын
қабылдайтын басқа да құрылғылар арасында
кескіндерді ауыстырып көрсете алады.
f5 Аудио ықшам дискідегі алдыңғы жолшықты немесе DVD дискісіндегі алдыңғы бөлімді
ойнатады.
f6 Аудио ықшам дискі немесе DVD дискісін ойнату, тоқтата тұру немесе қайта ойнату үшін
қолданылады.
f7 Ойнатылатын аудио ықшам дискі немесе DVD дискісін тоқтатады.
f8 Аудио ықшам дискідегі келесі жолшықты немесе DVD дискісіндегі келесі бөлімді ойнатады.
f9 Үндеткіш дыбысын төмендетеді.
f10 Үндеткіш дыбысын жоғарылатады.
f11 Үндеткіш дыбысын өшіреді немесе қайта қосады.
f12 Сымсыз байланыс мүмкіндігін қосады немесе ажыратады.
ЕСКЕРІМ: Бұл перне сымсыз қосылысты орнатпайды. Сымсыз қосылысты орнату үшін
сымсыз желі де орнатылуы қажет.
Пернетақталарды пайдалану
Компьютерде қосымша сыртқы сандық пернетақта немесе сандық пернетақтасы бар қосымша
сыртқы пернетақта жұмыс істейді.
30 Бап 5 Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар