The first work is Windows 7

Сымсыз желіге қосылу
Сымсыз технология деректерді сым арқылы емес, радио толқындары арқылы тасымалдайды.
Компьютер төмендегі сымсыз құрылғылардың бірімен жабдықталған болуы мүмкін:
Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы
HP Мобильді кең ауқымды модулі, сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы
Bluetooth құрылғысы
Сымсыз байланыс технологиясы туралы жəне сымсыз желіге қосылу туралы қосымша ақпарат
алу үшін Справочное руководство ноутбука НР (НР ноутбугы
үшін анықтамалық
нұсқаулықтан), анықтама жəне қолдау орталығындағы веб-тораптар сілтемелерінен жəне
берілген мəліметтерден қараңыз.
Бар WLAN желісіне қосылу
1. Компьютерді қосыңыз.
2. WLAN құрылғысының қосылғанын тексеріңіз.
3. Тапсырмалар тақтасының оң жағындағы хабарландыру аймағында орналасқан желі
белгішесін нұқыңыз.
4. Қажет желіні таңдаңыз.
5. Подключение (Қосылу) түймешігін басыңыз.
6. Егер қажет болса, қауіпсіздік кілтін енгізіңіз.
Жаңа WLAN желісін орнату
Қажет жабдық:
Кең жолақты модем (DSL немесе кабельді) (1) жəне Интернет қызметі провайдерінен
сатып алынған жылдамдығы жоғары Интернет қызметі
Сымсыз жол жоспарлағышы (бөлек сатылады) (2)
Жаңа сымсыз компьютер (3)
ЕСКЕРІМ: Кейбір модемдердің ішіне жол жоспарлағышы орнатылады. Интернет қызметі
провайдерінен модем түрінің қайсысын пайдаланатындығын сұраңыз.
Суретте Интернетке қосылған дайын WLAN сымсыз желісінің орнатымы мысалға келтірілген.
Бұл желі құрылғыларының саны ұлғая түскенде, Интернетке кіретін қосымша сымсыз жəне
сымды компьютерлерді желіге қосуға болады.
Сымсыз желіге қосылу
25