HP Laptop Help Guide - Windows 7

ЕСКЕРІМ: Компьютерді желіге қосатын болсаңыз, кез келген бағдарламалық құралының
жаңартуын, əсіресе BIOS жаңартуларын, орнатар алдында желілік əкімшімен
ақылдасыңыз.
BIOS жүйесін орнату қадамдары əр түрлі болады. Жүктеп алу аяқталғаннан кейін экранда
көрсетіліп тұратын барлық нұсқауларды орындаңыз. Ешқандай нұсқаулар көрсетілмесе, осы
қадамдарды орындаңыз:
1. Windows 7 амалдық жүйесінде Пуск (Бастау) > Компьютер (Компьютер) тармақтарын
таңдау арқылы Windows Explorer бағдарламасын ашыңыз.
Windows XP амалдық жүйесінде Пуск (Бастау) > Мой компьютер (Менің компьютерім)
тармақтарын таңдау арқылы Windows Explorer бағдарламасын ашыңыз.
2. Қатты
диск орнын тінтуірмен екі рет басыңыз. Əдетте қатты диск атауы Local Disk (C:)
болады.
3. Алдында жазып алған қатты диск жолын пайдаланып, жаңарту файлдары бар қатты
дискідегі қалтаны ашыңыз.
4. .exe кеңейтімі бар файлды (мысалы, filename.exe) екі рет басыңыз.
BIOS орнатылуы басталады.
5. Экрандағы нұсқауларды орындап орнатуды аяқтаңыз.
ЕСКЕРІМ: Экранда сəтті орнату туралы хабар пайда болғаннан кейін жүктеп алынған файлды
қатты дискіден жоюға болады.
Жүйе диагностикасын пайдалану
Жүйе диагностикасы компьютердің аппараттық құралы дұмыс істеп тұрғанын анықтау үшін
диагностикалық тексеру жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді. Төмендегі диагностикалық
тексеру жұмыстарын жүйе диагностикасынан көруге болады.
Бастапқы тексеруБұл тексеру компьютерді іске қосуға қажетті компьютердің негізгі
компоненттерін талдайды.
Қайталанатын тексеруБұл тексеру бастапқы тексеруді қайталап, бастапқы тексеру
таппайтын қайталана беретін ақауларды тексереді.
Қатты
дискіні тексеруБұл тексеру қатты дискінің физикалық жағдайын талдап, қатты
дискінің əр бөлігіндегі деректердің барлығын тексереді. Егер тексеру зақымдалған бөлікті
анықтаса, деректерді жақсы бөлікке ауыстыруға əрекет жасайды.
Жадты тексеруБұл тексеру жад модульдерінің физикалық жағдайын талдайды. Егер ол
қате туралы есеп берсе, жад модульдерін дереу ауыстырыңыз.
Батареяны тексеруБұл тексеру батареяның
күйін талдайды. Егер батарея тексерілмесе,
қате туралы хабарлау үшін HP қолдау көрсету орталығына хабарласып, батареясын
ауыстырыңыз.
Сондай-ақ, «Жүйе диагностикасы» терезесінен жүйе туралы ақпарат пен қателер журналдарын
көруге болады.
74 Бап 9 Орнату утилитасы (BIOS) жəне жүйе диагностикасы