HP Laptop Help Guide - Windows 7
BIOS жүйесінің нұсқасын анықтау
Қолжетімді BIOS жаңартулары ішінде компьютерде орнатылған BIOS нұсқасынан кейінгі
нұсқаларының барлығын анықтау үшін орнатылған BIOS жүйесінің нұсқасын білу керек.
BIOS нұсқасы туралы ақпаратты (сондай-ақ, ROM күні жəне Жүйелік BIOS ретінде белгілі)
fn+esc пернелер тіркесімін (Windows жүйесінде болсаңыз) басу немесе орнату утилитасын
пайдалану арқылы көрсетуге болады.
1. Орнату утилитасын іске қосыңыз.
2. Көрсеткі құрылғысы немесе көрсеткі пернелері көмегімен
File (Файл) > System Information
(Жүйе ақпараты) тармақтарын таңдаңыз.
3. Өзгертулеріңізді сақтамай, орнату утилитасынан шығу үшін экранның төменгі сол жақ
бұрышындағы Выход (Шығу) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
Табуляция пернесі жəне көрсеткі пернелері көмегімен File (Файл) > Ignore Changes and
Exit (Өзгертулерді елемеу жəне шығу) тармақтарын таңдап, enter пернесін басыңыз.
BIOS жүйесі жаңартуын жүктеп алу
ЕСКЕРТУ: Компьютердің зақымдану немесе сəтсіз орнатылу қаупін азайту үшін, компьютер
айнымалы ток адаптері арқылы сенімді сыртқы қуат көзіне қосылған кезде ғана BIOS жүйесі
жаңартуын жүктеп алып, орнатыңыз. Компьютер батареялы қуатымен жұмыс жасағанда
немесе қосымша қорек көзіне қосулы болғанда BIOS жаңартуын жүктеп алмаңыз немесе
орнатпаңыз. Жүктеп алу жəне орнату кезінде осы нұсқауларды орындаңыз:
Қорек сымын айнымалы
ток розеткасынан шығарып, қоректі компьютерден ажыратпаңыз.
Компьютерді өшірмеңіз немесе күту режимін қоспаңыз.
Ешбір құрылғы, кабель немесе сымды кірістірмеңіз, шығармаңыз, жалғамаңыз немесе
ажыратпаңыз.
1. Windows 7 амалдық жүйесінде Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама жəне
қолдау) > Обслуживание (Қызмет көрсету) тармақтарын таңдаңыз.
Windows XP амалдық жүйесінде Пуск (Бастау) > Центр справки и поддержки (Анықтама
жəне қолдау) тармақтарын таңдап, бағдарламалық құралы жəне драйверлер жаңартуын
таңдаңыз.
2. Компьютерде орнатылған нұсқаны анықтап, жүктеп алынатын BIOS жаңарту файлдарына
қол жеткізу үшін экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
3. Жүктеп алу аймағында келесі қадамдарды орындаңыз:
a. BIOS жаңартуы компьютерде орнатылған BIOS нұсқасынан кейінгі нұсқа екендігін
анықтаңыз. Күні, аты немесе басқа таңба ескертуін жасаңыз. Осы мəлімет жаңарту
қатты дискіге жүктеп алынғаннан кейін орнын белгілеу үшін керек болуы мүмкін.
b. Таңдауыңызды қатты дискіге жүктеп алу үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
BIOS жаңарту файлдары жүктеп алынатын
қатты диск орнының жолын белгілеп
қойыңыз. Жаңарту бумасын орнатуға əзір болған кезде сол жолға кіруге керек
болады.
Орнату утилитасын пайдалану 73