HP Laptop Help Guide - Windows 7

Орнату утилитасының зауыттық параметрлерін қалпына келтіру
ЕСКЕРІМ: Əдепкі параметрлерді қалпына келтіру қатты диск режимін өзгертпейді.
Орнату утилитасының барлық параметрлеріне зауытта қойылған мəндерді қайтару үшін мына
қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз немесе қайта қосыңыз, содан кейін экранның төменгі жағында
«Press the ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз»)
хабары көрсетілгенде, esc пернесін басыңыз.
2. Орнату утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз.
3. Көрсеткі құрылғысы немесе көрсеткі пернелері көмегімен File (Файл) > Restore Defaults
(Əдепкі параметрлерді қалпына келтіру) тармақтарын таңдаңыз.
4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
5. Өзгертулерді сақтау жəне шығу үшін, экранның төменгі сол жақ бұрышындағы Save
(Сақтау) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
немесе
Көрсеткі пернелерінің көмегімен File (Файл) > Save Changes and Exit (Өзгертулерді сақтау
жəне шығу) пəрменін таңдап, enter пернесін басыңыз.
Бұл өзгертулер нəтижесі компьютерді қайта қосқаннан
кейін көрінеді.
ЕСКЕРІМ: Зауыт параметрлерін қалпына келтіргенде, құпия сөз жəне қауіпсіздік параметрлері
өзгермейді.
Орнату бағдарламасынан шығу
Ағымдағы сеанс арқылы өзгерістерді сақтап, орнату бағдарламасынан шығу үшін:
Орнату бағдарламасының мəзірлері көрінбейтін болса, мəзір бейнебетіне оралу үшін esc
пернесін басыңыз. Выход (Шығу) > Exit Saving Changes (Өзгерістерді сақтап, шығу)
тармақтарын таңдау үшін көрсеткі пернелерін пайдаланыңыз, одан кейін enter пернесін
басыңыз.
Ағымдағы сеанс арқылы өзгерістерді сақтамай, орнату бағдарламасынан шығу үшін:
Орнату бағдарламасының мəзірлері
көрінбейтін болса, мəзір бейнебетіне оралу үшін esc
пернесін басыңыз. Выход (Шығу) > Exit Discarding Changes (Өзгерістерді сақтамай шығу)
тармақтарын таңдау үшін көрсеткі пернелерін пайдаланыңыз, одан кейін enter пернесін
басыңыз.
BIOS жүйесін жаңарту
BIOS жүйесінің жаңартылған нұсқалары HP веб-торабында болуы мүмкін.
BIOS жүйесінің жаңарту файлдарының көбі HP веб-торабында SoftPaqs деп аталатын
қысылған файлдарына буылған.
Кейбір жүктеп алу бумаларының файлды орнату жəне ақаулықтарды жою туралы ақпарат
беретін Readme.txt деп аталатын файлдары бар.
72 Бап 9 Орнату утилитасы (BIOS) жəне жүйе диагностикасы