HP Laptop Help Guide - Windows 7
Орнату утилитасында ауысу жəне таңдау
Орнату утилитасына ауысу жəне таңдау үшін мына қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз немесе қайта қосыңыз, содан кейін экранның төменгі жағында
«Press the ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз»)
хабары көрсетілгенде, esc пернесін басыңыз.
●
Мəзірді немесе мəзір тармағын таңдау үшін, tab пернесін жəне пернетақтадағы
көрсеткі пернелерді қолданып, содан кейін enter пернесін басыңыз немесе меңзегіш
құрылғыны пайдаланыңыз
.
● Жоғары жəне төмен жылжу үшін, экранның жоғарғы оң жақ бұрышындағы жоғары не
төмен көрсеткіні басыңыз немесе жоғары не төмен көрсеткі пернесін пайдаланыңыз.
● Ашық диалогтық терезелерді жабу жəне басты орнату утилитасы экранына оралу
үшін esc пернесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРІМ: Орнату утилитасында ауысу жəне таңдау үшін көрсеткі құрылғысын
(TouchPad, көрсеткі таяқшасын немесе USB тінтуірін) немесе пернетақтаны пайдалануға
болады.
2. Орнату утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз.
Орнату утилитасы мəзірлерінен шығу үшін төмендегі əдістердің біреуін таңдаңыз:
●
Өзгертулеріңізді сақтамай, орнату утилитасы мəзірлерінен шығу үшін экранның төменгі
сол жақ бұрышындағы Выход (Шығу) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
– немесе –
Табуляция пернесі жəне көрсеткі пернелері көмегімен File (Файл) > Ignore Changes and
Exit (Өзгертулерді елемеу жəне шығу
) тармақтарын таңдап, enter пернесін басыңыз.
– немесе –
●
Өзгертулеріңізді сақтау жəне орнату утилитасы мəзірлерінен шығу үшін экранның төменгі
сол жағындағы Сохранить (Сақтау) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
Табуляция пернесі жəне көрсеткі пернелері көмегімен File (Файл) > Save Changes and
Exit (Өзгертулерді сақтау жəне шығу) тармақтарын таңдап, enter пернесін басыңыз.
Бұл өзгертулер нəтижесі компьютерді
қайта қосқаннан кейін көрінеді.
Жүйе туралы ақпаратты көрсету
1. Орнату бағдарламасын іске қосу
2. Main (Негізгі) мəзірін таңдаңыз. Жүйе уақыты мен күні сияқты жүйелік ақпарат жəне
компьютер туралы анықтау ақпараты көрсетіледі.
3. Ешбір параметрді өзгертпей, орнату бағдарламасынан шығу үшін көрсеткі пернелерін
пайдаланып, Выход (Шығу) > Exit Discarding Changes (Өзгерістерді сақтамай шығу)
тармақтарын таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
Орнату утилитасын пайдалану 71