HP Laptop Help Guide - Windows 7
9 Орнату утилитасы (BIOS) жəне жүйе
диагностикасы
Орнату утилитасын пайдалану
Орнату бағдарламасы немесе BIOS (Негізгі енгізу/шығару жүйесі) жүйедегі барлық енгізу жəне
шығару құрылғыларының байланысын басқарады (диск жетегі, дисплей, пернетақта, тышқан
жəне басып шығарғыш секілді). Орнату бағдарламасының орнатылған перифериялы
құрылғылардың түрлеріне арналған параметрлері, компьютердің қосылу реті жəне жүйе жады
мен кеңейтілген жады бар.
ЕСКЕРІМ: Орнату бағдарламасына өзгертулер жасаған кезде сақ болыңыз. Қателер
компьютердің дұрыс жұмыс істемеуіне соқтыруы мүмкін.
Орнату утилитасын іске қосу
ЕСКЕРІМ: Тек USB функциясын қолдау қосылып тұрған жағдайда USB портына жалғанған
сыртқы пернетақтаны немесе тінтуірді орнату утилитасымен пайдалануға болады.
Орнату утилитасын іске қосу үшін мына қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз немесе қайта қосыңыз, содан кейін экранның төменгі жағында
«Press the ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз»)
хабары көрсетілгенде, esc пернесін басыңыз.
2. Орнату утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз.
Орнату бағдарламасының тілін өзгерту
1. Орнату бағдарламасын іске қосу
2. Конфигурация системы (Жүйенің реттелген параметрлері) > Язык (Тіл) тармақтарын
таңдау үшін көрсеткі пернелерін пайдаланыңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
3. Тілді таңдау үшін көрсеткі пернелерін пайдаланыңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
4. Таңдалған тілді растау туралы хабар көрсетілген кезде enter пернесін басыңыз.
5. Өзгерісті сақтап, орнату бағдарламасынан шығу
үшін көрсеткі пернелерін пайдаланып,
Выход (Шығу) > Exit Saving Changes (Өзгерістерді сақтап, шығу) тармақтарын таңдаңыз,
одан кейін enter пернесін басыңыз.
Өзгеріс дереу өз күшіне енеді.
70 Бап 9 Орнату утилитасы (BIOS) жəне жүйе диагностикасы