HP Laptop Help Guide - Windows 7

2. Компьютер карта ұясына картаны салып, оны нық орналасқанша басыңыз.
Карта анықталғанда дыбыс естіледі жəне параметрлер мəзірі көрінуі мүмкін.
ЕСКЕРІМ: Компьютер картасын бірінші рет қосқан кезде хабарландыру аймағында
компьютер құрылғыны анықтағанын білдіретін хабарлама шығады.
ЕСКЕРІМ: Қуатты үнемдеу мақсатында компьютер картасын, оны пайдаланбаған кезде
өшіріңіз немесе шығарып тастаңыз.
Компьютер карталарын шығарып алу
ЕСКЕРТУ: Ақпарат жоғалуының немесе жүйенің жауап қатпау қаупін азайту мақсатында
компьютер картасын шығарып алмас бұрын оны өшіріңіз.
1. Ақпаратты сақтап, компьютер картасымен байланысты барлық бағдарламаларды
жабыңыз.
2. Хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан
құралды шығарып алу белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
3. Компьютер картасын босатып, шығарып алыңыз:
a. Компьютер картасын шығару түймешігін басыңыз (1).
Бұл əрекет түймешікті компьютер картасын шығару күйіне дейін ұзартады.
b. Компьютер картасын шығару түймешігін картаны
босату үшін басыңыз.
c. Картаны (2) ұядан суырып алыңыз.
38 Бап 5 Сыртқы карталар мен құрылғылар