HP Laptop Help Guide - Windows 7
Компьютер карталарын конфигурациялау
Конфигурациялау кезінде басқа компьютер карталарының қолдауын жоғалтып алу қаупін
азайту үшін, тек құрылғыға қажетті бағдарламалық құралды орнатыңыз. Егер компьютер
картасының өндірушісі құрылғы драйверлерін орнатуды сұраса, мынаны жасаңыз:
●
Амалдық жүйеге тек құрылғы драйверлерін орнатыңыз.
●
Картаға қызмет көрсету, ұяға қызмет көрсету немесе компьютер картасының өндірушісі
беретін іске қосқыштар секілді бағдарламалық құралдарды орнатпаңыз.
Компьютер карталарын салу
ЕСКЕРТУ: Компьютер мен сыртқы медиа карталардың зақымдануын болдырмау үшін,
ExpressCard картасын компьютерлік карта ұясына салмаңыз.
ЕСКЕРТУ: Қосқыштардың зақымдану қаупін азайту үшін:
Компьютер картасын өте жай салыңыз.
Компьютер картасын пайдаланып жатқан кезде компьютерді жылжытпаңыз немесе
тасымалдамаңыз.
Компьютер картасы ұясының қорғаныс қосымшасы болуы мүмкін. Қосымшаны компьютерлік
картаны салмас бұрын алып тастау керек.
1. Компьютер картасын шығару түймешігін басыңыз (1).
Бұл əрекет түймешікті қосымшаны шығару күйіне дейін ұзартады.
2. Компьютер картасын шығару түймешігіін қосымшаны босату үшін басыңыз.
3. Қосымшаны ұядан суырып алыңыз (2).
Компьютер картасын салу үшін:
1. Сандық картаны ұстағанда, жапсырмасын жоғары, ал қосқышын компьютерге қаратыңыз.
Компьютер карталарын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)37