HP Laptop Help Guide - Windows 7

Күту режимінен шығу үшін:
Қуат түймешігін жылдам басыңыз.
Экран жабылып тұрса, оны ашыңыз.
Пернетақтадағы кез келген түймешікті басыңыз.
Сенсорлы тақтаны түртіңіз немесе басыңыз.
Компьютер күту режимінен шыққанда электр қуатының шамы жанып, экранда жұмысыңыздың
тоқтаған жері көрсетіледі.
ЕСКЕРІМ: Егер күту/əрекетсіздік режимінен қосылған кезде құпия сөз сұралатын етіп
орнатылған болса, жұмысты жалғастыру үшін Windows құпия сөзіңізді енгізу қажет болады.
Əрекетсіздік режимін қосу жəне одан шығу
Жүйе батарея қуатымен немесе сырттан келетін қуатпен жұмыс жасап тұрып біраз уақыт
əрекетсіз қалған кезде, заряд өте төмен батарея деңгейіне жеткенде əрекетсіздік режиміне
өтетіндей етіп зауытта орнатылған.
Қуат параметрлері мен күту уақыттарын Windows басқару тақтасы арқылы өзгертуге болады.
Əрекетсіздік режимін қосу үшін:
Windows 7 амалдық жүйесіндеБастау мəзірін ашып, «Жұмысты аяқтау» түймешігінің
қасындағы көрсеткіні
басып, Спящий режим (Ұйқылық күйге өту) тармақтарын таңдаңыз.
Windows XP амалдық жүйесіндеПуск (Бастау) > Выключить компьютер
(Компьютерді сөндіру) тармақтарын таңдап, содан соң shift пернесін басып тұрып Спящий
режим (Ұйқылық күйге өту) тармағын таңдаңыз.
Əрекетсіздік режимінен шығу үшін:
Қуат түймешігін жылдам басыңыз.
Қуат шамдары жанып, экранда жұмысыңыздың тоқтаған жері көрсетіледі.
ЕСКЕРІМ: Егер күту/əрекетсіздік режимінен қосылған кезде құпия сөз сұралатын етіп
орнатылған болса, жұмысты жалғастыру үшін Windows құпия сөзіңізді енгізу қажет болады.
Қуат көрсеткішін қолдану
Қуат көрсеткіші хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде
орналасқан. Қуат көрсеткіші қуат параметрлеріне жылдам өтуге жəне батареяның қалған
зарядын көруге мүмкіндік береді.
Батарея зарядының қалған деңгейін жəне ағымдағы қуат жоспарын (немесе Windows XP
жүйесінде қуат схемасы) экранда көру үшін меңзерді қуат көрсеткіші белгішесінің үстінен
апарыңыз.
Қуат параметрлерін ашу немесе қуат жоспарын өзгерту
үшін қуат көрсеткіші белгішесін
басып, тізімнен бір тармақты таңдаңыз.
Əр түрлі қуат көрсеткішінің белгішелері компьютердің батарея қуатымен немесе сыртқы
қуатпен жұмыс атқарып тұрғанын көрсетеді. Сондай-ақ бұл белгіше батарея заряды өте темен
деңгейге жеткен кезде хабарлама көрсетеді.
26 Бап 4 Қуатты басқару