HP Laptop Help Guide - Windows 7

Компьютер жауап қайтармай, алдыңғы өшіру əрекетін пайдалану мүмкін болмаса, мына
төтенше əрекеттерді көрсетілген ретте орындап көріңіз:
Windows 7 амалдық жүйесіндеctrl+alt+delete түймешіктерін, содан соң Қуат түймешігін
басыңыз.
Windows XP амалдық жүйесіндеctrl+alt+delete түймешіктерін басыңыз. Завершение
работы (Жұмысты аяқтау) түймешігін басып, Выключить (Сөндіру) тармағын таңдаңыз.
Қуат түймешігін кемінде 5 секунд басып ұстап тұрыңыз.
Компьютерді сыртқы
қуат көзінен ажыратып, батареяны алып тастаңыз.
Қуат параметрлерін орнату
Қуатты үнемдейтін күйлерді пайдалану
Компьютердің зауытта қосылған қуатын үнемдейтін екі күйі бар: Күту жəне əрекетсіздік
режимдері.
Күту режимі қосылған кезде қуат шамы жыпылықтап, экран сөнеді. Жұмысыңыз жадқа
сақталады жəне əрекетсіздік режиміне қарағанда күту режимінен тезірек шығуға мүмкіндік
береді. Компьютер ұзақ уақыт бойы күту режимінде болғанда немесе күту режимінде батарея
заряды өту төменгі деңгейіне жеткен жағдайда, компьютер əрекетсіздік
режиміне ауысады.
Компьютер əрекетсіздік режиміне өткен кезде жұмысыңыз қатты дискіде əрекетсіздік күйі
файлына сақталып, компьютер сөнеді.
ЕСКЕРТУ: Дыбыс, бейне сапасының нашарлау қауіпін азайту үшін жəне дыбысты, бейнені
ойнату функциясының жоғалып кетуін болдырмау үшін диск не сыртқы медиа картасына жазу
не болмаса оқу кезінде күту немесе əрекетсіздік режимдерін қоспаңыз.
ЕСКЕРІМ: Компьютер күту немесе əрекетсіздік режимінде болған кезде желі
байланыстарының ешбір түрін жəне компьютердің ешбір функциясын қоса алмайсыз.
Күту режимін қосу жəне одан шығу
Жүйеге зауытта батарея қуаты немесе сыртқы қуат таусыла бастаған кезде біраз уақыттан соң
күту режиміне өту мүмкіндігі орнатылған.
Электр қуатының параметрлері мен күту уақыттарын Windows® басқару тақтасындағы қуат
параметрлері арқылы өзгертуге болады.
Компьютер жұмыс істеп тұрғанда, күту режимін келесі жолдармен қосуға болады:
Қуат түймешігін жылдам басыңыз.
Дисплейді жабыңыз.
Windows 7 амалдық жүйесінде
Пуск (Бастау) мəзірін ашып, «Жұмысты аяқтау»
түймешігінің қасындағы көрсеткіні басып, Спящий режим (Күту) тармағын таңдаңыз.
Windows XP амалдық жүйесіндеПуск (Бастау) > Выключить компьютер
(Компьютерді сөндіру) > Режим ожидания (Күту қалыбы) тармақтарын басыңыз.
Қуат параметрлерін орнату 25