HP Laptop Help Guide - Windows 7

Intel® Wireless Display (тек таңдаулы үлгілерде)
Intel® Wireless Display технологиясы компьютер мазмұнын теледидарда сымсыз бөлісуге
мүмкіндік береді. Сымсыз дисплеймен жұмыс істеу үшін сымсыз теледидар адаптері (бөлек
сатып алынады) қажет етіледі. DVD жəне Blu-ray дискілері сияқты шығарудан қорғайтын
мазмұн Intel Wireless Display құрылғысынан көрсетілмейді. Сымсыз адаптерді пайдалану
туралы мəліметтерді құрылғыны өндірушінің нұсқауларынан қараңыз.
ЕСКЕРІМ: Сымсыз дисплейді пайдаланбастан бұрын, компьютерді сымсыз құрылғының
қосылғанына көз жеткізіңіз.
HP MediaSmart бағдарламалық құралын пайдалану
(тек таңдаулы үлгілерде)
HP MediaSmart бағдарламалық құралы компьютерді мобильді ойын-сауық орталығына
айналдырады. MediaSmart бағдарламалық құралымен CD дискілер арқылы музыка тыңдауға
жəне DVD мен Blu-ray (BD) дискілері арқылы кинолар көруге болады. Сонымен қатар,
фотосурет жинақтарын басқарып, өңдеуге болады. MediaSmart бағдарламасында мынадай
мүмкіндіктер бар:
Ойнату тізімін жүктеп салуды қолдау:
MediaSmart суреттерінің ойнату тізімін Интернеттегі сурет альбомына жүктеп
қойыңыз.
MediaSmart бейне ойнату тізімдерін YouTube веб-торабына
жүктеп салыңыз.
MediaSmart ойнату тізімдерін CyberLink DVD Suite бағдарламалық құралына
экспорттаңыз.
Pandora Интернет радиосы (Солтүстік Америкада ғана). Тек сіз үшін таңдалған музыканың
Интернеттегі таралымын тыңдаңыз.
MediaSmart бағдарламалық құралын бастау үшін, Пуск (Бастау) > Все программы
(Барлық бағдарламалар) > HP > HP MediaSmart тармақтарын таңдаңыз.
MediaSmart бағдарламалық құралын пайдалану туралы қосымша ақпарат алу үшін, Пуск
(Бастау) >
Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) тармақтарын таңдаңыз.
HP MediaSmart бағдарламалық құралын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)23