HP Laptop Help Guide - Windows 7

Microsoft Office Communicator немесе Jabber контактілер тізімін пайдалануға немесе жаңа тізім
жасап контактілерді қолмен енгізуге болады. Қосымша ақпарат алу үшін, SkyRoom
бағдарламалық құралының анықтамасын қараңыз.
Бейне
Компьютерде мына сыртқы бейне порттардың біреу немесе бірнешеуі болуы мүмкін:
VGA
DisplayPort
HDMI
VGA
Сыртқы монитор порты немесе VGA порты сыртқы VGA монитор немесе VGA проекторы
секілді VGA дисплей құрылғыларын компьютерге жалғайтын аналогтық дисплей интерфейсі.
VGA дисплей құрылғысын жалғау үшін, құрылғы кабелін сыртқы монитор портына
қосыңыз.
ЕСКЕРІМ: Экран кескінін қосу туралы өнімнің арнайы нұсқауларын Жұмысқа кіріскенде
нұсқаулығынан қараңыз.
DisplayPort
DisplayPort жоғары сапалы монитор немесе проектор секілді сандық дисплей құрылғыларын
жалғайды. DisplayPort портының VGA сыртқы монитор портына қарағанда көрсету сапасы
жоғары жəне сандық байланысты жақсартады.
20 Бап 3 Мультимедиа