HP Laptop Help Guide - Windows 7
Дыбыс деңгейін реттеу
Компьютеріңіздің үлгісіне байланысты, дыбыс деңгеін мыналарды пайдаланып реттеуге
болады:
●
Дыбыс деңгейі түймешіктері
● Дыбыс деңгейі жылдам пернелері
● Дыбыс деңгейі пернелері
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, гарнитураларды жəне құлақаспаптарды
киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз. Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат алу үшін, Заңдық,
қауіпсіздік жəне қоршаған орта ескертулері нұсқаулығын қараңыз.
ЕСКЕРІМ: дыбыс деңгейін амалдық жүйе жəне кейбір бағдарламалар арқылы да реттеуге
болады.
ЕСКЕРІМ: компьютеріңізде дыбыс деңгейін реттеудің қандай түрлері барын білу үшін
Жұмысқа кіріскенде нұсқаулығын қараңыз.
Компьютердің аудио функцияларын тексеру
Windows 7
Компьютердің аудио функцияларын тексеру үшін, мына қадамдарды орындаңыз:
1. Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Оборудование и звук
(Аппараттық құрал жəне дыбыс) > Звук (Дыбыс) тармақтарын таңдаңыз.
2. «Дыбыс» терезесі ашылған кезде, Звук (Дыбыс) қойындысын басыңыз. Программные
события (Бағдарламалық оқиғалар) астынан дыбыстық сигнал немесе дабыл сияқты
дыбыс оқиғасын таңдап, Проверка
(Тексеру) түймешігін басыңыз.
Үндеткіштер немесе жалғанған гарнитуралар арқылы дыбыс естілуі керек.
Компьютердің жазу функцияларын тексеру үшін, мына қадамдарды орындаңыз:
1. Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Стандартные (Стандартты
құралдар) > Sound Recorder (Дыбыс жазу құрылғысы) тармақтарын таңдаңыз.
2. Start Recording (Жазуды бастау) түймешігін басып, микрофонға сөйлеңіз. Файлды жұмыс
үстеліне сақтаңыз.
3. Мультимедиялық бағдарламаны
ашып, дыбысты ойнатыңыз.
ЕСКЕРІМ: жазу кезінде жақсы нəтижеге қол жеткізу үшін, микрофонға тікелей сөйлеп, дыбыс
жазуды тыныш жерде орындаңыз.
Компьютердегі аудио параметрлерді құптау немесе өзгерту үшін, Пуск (Бастау) > Панель
управления (Басқару тақтасы) > Оборудование и звук (Аппараттық құрал жəне дыбыс) >
Звук (Дыбыс) тармақтарын таңдаңыз.
Windows XP
18 Бап 3 Мультимедиа