HP Laptop Help Guide - Windows 7
10. Жаңа орын параметрін сақтау үшін, OK түймешігін басыңыз. «Телефон и модем»
(Телефон жəне модем параметрлері) терезесі ашылады.
11. Мына əрекеттердің бірін орындаңыз:
●
Жаңа орын параметрін ағымдағы орынға орнату үшін OK түймешігін басыңыз.
●
Басқа орын параметрін ағымдағы орын параметрі ретінде таңдау үшін, қалаған
параметрді Расположение (Орын) тізімі ішіндегі параметрлерден таңдап, OK
түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРІМ: осы іс-шараларды өз еліңіздегі немесе аймағыңыздағы сондай-ақ, басқы
елдегі немесе аймақтағы орындар үшін қолдануға болады. Мысалы, сыртқы желіге кіре
алатын, нөмір теру ережелері бар «Работа» (Жұмыс) деп аталатын параметрді
қосуыңызға болады.
Жергілікті желіге (LAN) қосылу (тек таңдаулы үлгілерде)
Жергілікті желіге (LAN) қосылу үшін, (бөлек сатылатын) 8 түйіспеден тұратын RJ-45 желілік
кабелі қажет. Егер желілік кабельде ТД жəне радиосигналдарын қабылдау кедергілерінің
алдын алатын кедергіні азайту құралы (1) болса, кабельдің схемалы ұшын (2) компьютер
жағына бағыттаңыз.
Желілік кабельді қосу үшін:
1. Желілік кабельді компьютердегі желілік ұяға (1) қосыңыз.
2. Желілік кабелдің басқа ұшын желілік қабырға ұясына (2) қосыңыз.
Сымды желіге қосылу 15