HP Laptop Help Guide - Windows 7

4. Қуат сымын айнымалы ток көзінен ажыратыңыз.
5. Батареяны алыңыз.
6. SIM картасын SIM карта ұясына салып, SIM картасы орнына қойылғанша оны жайлап
басыңыз.
ЕСКЕРТУ: SIM картасын салу кезінде картаны компьютердегі SIM карты ұясының
жанындағы белгішеге келтіріп салыңыз. Егер SIM карта дұрыс салынбаса, ол SIM
картасын немесе SIM карта қосқышты зақымдауы мүмкін.
Қосқыштың зақымдану қаупін азайту үшін, SIM картасын күштеп салмаңыз.
7. Батареяны орнына салыңыз.
ЕСКЕРІМ: егер батарея орнына қойылмаса, HP ұялы кең жолақты модулі өшіріледі.
8. Сыртқы электр қуатын жəне сыртқы құрылғыларды қайта қосыңыз.
9. Компьютерді қосыңыз.
SIM картасын шығарып алу
ЕСКЕРІМ: SIM карта ұясының орналасқан жерін табу үшін, Жұмысқа кріскенде нұсқаулығын
қараңыз.
1. Компьютерді сөндіріңіз. Егер компьютер сөндірулі немесе ұйықтау режимінде екендігіне
сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық
жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
2. Дисплейді жабыңыз.
3. Компьютерге жалғанған сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз.
4. Қуат сымын айнымалы ток көзінен ажыратыңыз.
5. Батареяны алыңыз.
6. SIM картасын ішке қарай басып, ұясынан шығарып алыңыз.
7. Батареяны орнына
салыңыз.
8. Сыртқы электр қуатын жəне сыртқы құрылғыларды қайта қосыңыз.
9. Компьютерді қосыңыз.
Bluetooth сымсыз құрылғыларын пайдалану
Bluetooth құрылғысы дəстүрлі түрде электрондық құрылғыларды жалғауға арналған физикалық
кабель қосылымдарын ауыстыратын жақын сымсыз байланыстарды береді:
Компьютерлер
Телефондар
Суретті айқындағыш құралдар (фотоаппараттар жəне принтерлер)
Аудио құрылғылары
10 Бап 2 Желіге қосылу (тек таңдаулы үлгілерде)